https://sputnik.kz/20240212/astanada-futbol-alanynda-zharaqat-algan-balaga-akimdik-otemaqy-toledi-42226301.html
Астанада футбол алаңында жарақат алған балаға әкімдік өтемақы төледі
Астанада футбол алаңында жарақат алған балаға әкімдік өтемақы төледі
Sputnik Қазақстан
Алаңның төсемі сапасыз болып шықты 12.02.2024, Sputnik Қазақстан
2024-02-12T08:58+0500
2024-02-12T08:58+0500
2024-02-12T09:00+0500
футбол қақпасы
өтемақы
https://sputnik.kz/img/07e7/06/10/36001452_0:0:2730:1537_1920x0_80_0_0_db844169ec981a5afd32643c8c9ca005.jpg
АСТАНА, 12 ақпан – Sputnik. Астанада футбол кезінде жарақат алған баланың ата-анасы әкімдікті сотқа беріп, материалық және моральдық шығынды өтеп беруді талап етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Сот материалдарына сәйкес, кәмелет жасқа толмаған бала футбол ойнап жүргенде жарақат алды. Себебі алаңның төсемі сапасыз болып шықты. Балаға ота жасауға тура келді. Ал футбол алаңы аудандық әкімдіктің балансына кіреді.Жарақат алған баланың ата-анасы әкімдікті сотқа беріп, материалық және моральдық шығынды өтеп беруді талап етті. Сотта әкімдік мамандары тағылған айыппен келіспей, баланың өмірі мен денсаулығына алдымен ата-анасы жауапты екенін алға тартты. Сот-медициналық сараптамаға сәйкес, денсаулыққа орташа деңгейде зиян келген.Судья әкімдік кінәлі деген шешімге келді. Себебі өзіне қарасты мүлікті тиісті деңгейде ұстамаған. Сот үкіміне сәйкес, әрбір талап қоюшының пайдасына 250 мың теңге көлемінде моральдық шығын өндірілді. Үкім заңды күшіне енді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/06/10/36001452_0:0:2730:2048_1920x0_80_0_0_afc6fdb18c11d277ee6c9665dde6d4b6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
футбол қақпасы, өтемақы
Астанада футбол алаңында жарақат алған балаға әкімдік өтемақы төледі
08:58 12.02.2024 (жаңартылды: 09:00 12.02.2024) Алаңның төсемі сапасыз болып шықты
АСТАНА, 12 ақпан – Sputnik. Астанада футбол кезінде жарақат алған баланың ата-анасы әкімдікті сотқа беріп, материалық және моральдық шығынды өтеп беруді талап етті, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Сот материалдарына сәйкес, кәмелет жасқа толмаған бала футбол ойнап жүргенде жарақат алды. Себебі алаңның төсемі сапасыз болып шықты. Балаға ота жасауға тура келді. Ал футбол алаңы аудандық әкімдіктің балансына кіреді.
Жарақат алған баланың ата-анасы әкімдікті сотқа беріп, материалық және моральдық шығынды өтеп беруді талап етті. Сотта әкімдік мамандары тағылған айыппен келіспей, баланың өмірі мен денсаулығына алдымен ата-анасы жауапты екенін алға тартты. Сот-медициналық сараптамаға сәйкес, денсаулыққа орташа деңгейде зиян келген.
Судья әкімдік кінәлі деген шешімге келді. Себебі өзіне қарасты мүлікті тиісті деңгейде ұстамаған. Сот үкіміне сәйкес, әрбір талап қоюшының пайдасына 250 мың теңге көлемінде моральдық шығын өндірілді. Үкім заңды күшіне енді.