Астанада балабақша меңгерушісі сотталды

© Photo : Esi GrünhagenАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.02.2024
Жазылу
Залал толық көлемде өтеліп, үкім заңды күшіне енді
АЛМАТЫ, 12 ақпан – Sputnik. Астанада бюджет қаражатын жымқырған балабақша меңгерушісі сотталды, деп хабарлады қалалық прокуратура.
Ол табельдеу арқылы балабақшаға бармаған балаларға бөлінген бюджет қаражатын ұрлаған.
"2021 жылғы маусым мен 2023 жылғы қыркүйек айының аралығында өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, балабақша меңгерушісі бюджет қаражатын жымқыру мақсатында негізсіз алған", - дейді ведомство.
Салдарынан мемлекетке 8,5 млн теңгеден астам шығын келтірілген. Кінәлі директор 3 жыл мерзімге коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазым атқару құқығынан айырыла отырып, сотталды. Залал толық көлемде өтеліп, үкім заңды күшіне енді.
Жаңалықтар
0