Әкімдік жол апатынан жарақат алған тұрғынға 2 млн теңге моральдық шығын төлейтін болды

© Sputnik / Айсулу ЖумагуловаАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.02.2024
Жазылу
Әйел әлі күнге дейін емделіп жүргенін айтып, соттан материалдық шығынды өндіруді сұрады
АСТАНА, 12 ақпан – Sputnik. Қостанай облысының тұрғыны Чернигов ауылдық округі әкімінің аппаратын сотта жеңіп, 2 млн теңге моральдық шығын өндіріп алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Әулиекөл аудандық сотына сілтеме жасап.
2020 жылдың 14 шілдесінде "Чернигов ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ-не қарасты "Chevrolet Niva" автокөлігінің жүргізушісі "ВАЗ 21102" автокөлігімен соқтығысып, жол апаты салдарынан әйел адам жарақат алған.
Талапкер әлі күнге дейін емделіп жүргенін айтып, материалдық шығынды өндіруді сұрады.
Жауапкер талапкердің талаптарын қанағаттандырудан бас тартып, әкім аппараты жұмыстан босатылған қызметкерлердің әрекетіне жауапты емес екенін мәлімдеген.
Жүргізуші өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты қызметінен босатылған.
Сот материалдық шығынды өтеу және моральдық залалды өндіру туралы талап арызды ішінара қанағаттандырды.
"Сот шешімімен талапкердің пайдасына мемлекеттік мекемеден 116 000 теңге материалдық шығын және 2 000 000 теңге моральдық шығын өндірілді", деп хабарлады Әулиекөл аудандық соты.
Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.
Жаңалықтар
0