https://sputnik.kz/20240212/2024-zhyly-ekologiyaga-konili-tolatyn-qazaqstandyqtar-sany-74-ga-zhetedi-42239517.html
2024 жылы экологияға көңілі толатын қазақстандықтар саны 74%-ға жетеді
2024 жылы экологияға көңілі толатын қазақстандықтар саны 74%-ға жетеді
Sputnik Қазақстан
2029 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарына сәйкес бес жылдан кейін қазақстандықтардың 90%-ы өмір сүрудің экологиялық сапасына қанағаттанады 12.02.2024, Sputnik Қазақстан
2024-02-12T21:13+0500
2024-02-12T21:13+0500
2024-02-12T21:13+0500
экология
https://sputnik.kz/img/889/07/8890755_48:0:2452:1352_1920x0_80_0_0_0fb8334d2e50cad2f799be5a510868c3.jpg
АСТАНА, 12 ақпан – Sputnik. 2023 жылы қазақстандықтардың 71%-ы өмір сүрудің экологиялық сапасына көңілі толған. Ал биыл "Қазақстанның 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарының" негізгі ұлттық индикаторлар картасына сәйкес бұл көрсеткіш 74% деңгейіне жетуге тиіс.Мәжіліс кулуарында Sputnik Қазақстан тілшісі экология министрі Ерлан Нысанбаевтан бұл көрсеткіштер қалай есептелетінін сұрады.Министрдің айтуынша, ведомство құрылымдары күн сайын ауаның, топырақтың және судың жай-күйін бақылап отырады. Сонымен қатар өндірістен шығарылатын зиянды заттардың шығу деңгейін азайту бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.Елді дамыту жоспарының негізгі индикаторлары бес жылдан кейін өмір сүрудің экологиялық сапасына қанағаттанатын қазақстандықтардың санын 90%-ға жеткізуді көздейді.Sputnik Қазақстан тілшісі экология министрінен жоспар тым ауқымды емес пе деп сұрады.Алайда Нысанбаев бұл деректің қайдан алынғанын бірден түсінбеді. Журналист мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бекіткен Ұлт жоспарындағы деректер екенін нақтылағаннан кейін ғана ол түсінік берді."Ұлт жоспарымызда ма?! Біз ауқымды жоспарларды орындау үшін белгіледік", - деді экология министрі.Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспары (ҰДЖ-2029) мемлекеттің орта мерзімді кезеңдегі даму басымдықтарын айқындайды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/889/07/8890755_348:0:2151:1352_1920x0_80_0_0_430bd5560ff3ab2696c28e51c50d5f73.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
экология
2024 жылы экологияға көңілі толатын қазақстандықтар саны 74%-ға жетеді
2029 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарына сәйкес бес жылдан кейін қазақстандықтардың 90%-ы өмір сүрудің экологиялық сапасына қанағаттанады
АСТАНА, 12 ақпан – Sputnik. 2023 жылы қазақстандықтардың 71%-ы өмір сүрудің экологиялық сапасына көңілі толған. Ал биыл "Қазақстанның 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарының" негізгі ұлттық индикаторлар картасына сәйкес бұл көрсеткіш 74% деңгейіне жетуге тиіс.
Мәжіліс кулуарында
Sputnik Қазақстан тілшісі экология министрі Ерлан Нысанбаевтан бұл көрсеткіштер қалай есептелетінін сұрады.
Министрдің айтуынша, ведомство құрылымдары күн сайын ауаның, топырақтың және судың жай-күйін бақылап отырады. Сонымен қатар өндірістен шығарылатын зиянды заттардың шығу деңгейін азайту бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.
"Төмендету аясында автоматтандырылған мониторинг жүйесін енгізу бойынша ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. Осы жылдың соңына дейін қоршаған ортаны ластаушы 50 мекеме ауаға шыққан заттар туралы ақпаратты онлайн режимінде жедел түрде жолдайды", - деді министр.
Елді дамыту жоспарының негізгі индикаторлары бес жылдан кейін өмір сүрудің экологиялық сапасына қанағаттанатын қазақстандықтардың санын 90%-ға жеткізуді көздейді.
Sputnik Қазақстан тілшісі экология министрінен жоспар тым ауқымды емес пе деп сұрады.
Алайда Нысанбаев бұл деректің қайдан алынғанын бірден түсінбеді. Журналист мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бекіткен Ұлт жоспарындағы деректер екенін нақтылағаннан кейін ғана ол түсінік берді.
"Ұлт жоспарымызда ма?! Біз ауқымды жоспарларды орындау үшін белгіледік", - деді экология министрі.
Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспары (ҰДЖ-2029) мемлекеттің орта мерзімді кезеңдегі даму басымдықтарын айқындайды.