Тоқаев Иран президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

© Photo : Пресс-служба Президента Республики КазахстанКасым-Жомарт Токаев провел встречу с Президентом Ирана Ибрахимом Раиси
Касым-Жомарт Токаев провел встречу с Президентом Ирана Ибрахимом Раиси - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.02.2024
Жазылу
Президент дәстүрлі достық пен мазмұнды саяси диалогқа негізделген ықпалдастық екі еел арасындағы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтасты нығайтуға арқау болатынына сенім білдірді
АСТАНА, 11 ақпан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Иран Ислам Республикасының президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорда
Президент Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Ибрахим Раиси мен ирандықтарды төл мерекесі – Ислам революциясы күнімен құттықтады.
"Бүгінде Иран саяси тұғыры берік, экономикасы тұрақты дамыған халықаралық қауымдастықтың беделді мүшесі. Ұлт бірлігі мен ынтымағын ту еткен мемлекетіңіз Сіздің басшылығыңызбен алдағы уақытта да игі мақсат-мұраттарға жете беруіне тілектеспін. Иран – біздің Каспий аймағындағы маңызды серіктесіміздің бірі. Осыған орай дәстүрлі достық пен мазмұнды саяси диалогқа негізделген ықпалдастығымыз өзара тиімді сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығымызды нығайтуға берік арқау бола беретініне кәміл сенемін", – деп жазылған жеделхатта.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ибрахим Раисидің жауапты қызметіне толағай табыс, ал достас Иран халқына құт-береке тіледі.
Жаңалықтар
0