Эльбрус тауында қалған қазақстандық гид-альпинист құтқарылды

© Sputnik / Макс АльпертЭльбрус
Эльбрус - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.02.2024
Жазылу
АСТАНА, 11 ақпан - Sputnik. Қазақстандық гид-альпинист пен ресейлік турист Эльбруста 5 мың метр биіктіктен құтқарылды, деп хабарлады РИА Новости Кабардино-Балкария бойынша Ресей ТЖМ бөлімшесіне сілтеме жасап.
Құтқарушылардың мәліметінше, сенбі күні Мәскеу уақытымен сағат 22.20-да (Астана уақытымен сағат 01.20-да) Эльбрус тауында 5 мың метр биіктікте қалып қойған туристерден көмек сұраған хабарлама келіп түскен.
"Топ құрамында ресейлік альпинист және оған жол көрсеткен Қазақстаннан келген гид бар, олардың аяқ-қолдары үсіп қалған", - делінген хабарламада.
Ресей ТЖМ Эльбрус таулы іздеу-құтқару жасағының тоғыз құтқарушысы 2 сағаттан соң альпинистерді тапқан.
Құтқарушылар оларға 3850 метр биіктіктегі "Гара-Баши" станциясына түсуге көмектескен. Альпинистер одан кейінгі көмектен бас тартқан.
Жаңалықтар
0