https://sputnik.kz/20240211/bul-apat-emes-astanadagy-zheo-2-de-kompensator-zharyldy---energetika-ministrligi-42219137.html
"Бұл апат емес": Астанадағы ЖЭО-2-де компенсатор жарылды - энергетика министрлігі
"Бұл апат емес": Астанадағы ЖЭО-2-де компенсатор жарылды - энергетика министрлігі
Sputnik Қазақстан
Әлеуметтік желіде ЖЭО-2-де қондырғы істемей тұрған фото тараған болатын 11.02.2024, Sputnik Қазақстан
2024-02-11T15:46+0500
2024-02-11T15:46+0500
2024-02-11T15:49+0500
жылу электр орталығы
https://sputnik.kz/img/07e8/02/0b/42216894_0:370:960:910_1920x0_80_0_0_a1bf4b52137aadefb24b64feab2f24d3.jpg
АСТАНА, 11 ақпан - Sputnik. Астанадағы жылу электр орталығындағы турбиналардың бірі ақауға байланысты тоқтатылды, деп хабарлады "Астана энергиясы" АҚ.Компанияның мәліметінше, реттеу жүйесінің дұрыс жұмыс істемеуі компенсатордың бұзылуына әкеп соққан, оқиға жұма күні болған.Компания өкілдерінің айтуынша, кәсіпорында болған оқиғаны апат деуге болмайды."Бұл апат емес. Барлық ақаулар жойылды және ТА-4 жұмыс істейді. Жүктеме бұрынғыдай 100 мегаватт. Бұл ЖЭО-2 жұмысына әсер еткен жоқ", - дейді компаниядағылар.Энергетика министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта турбина жұмыс істеп тұр, ал ақаулар электр және жылу энергиясын өшірмей-ақ қалпына келтірілді."Фотода кеше, 10 ақпан сенбіде аяқталған жөндеу жұмыстарын жүргізу процесі көрсетілген", - деді ведомстводағылар.Министрлік оқиғаға басқару жүйесіндегі ақаулық себеп болғанын айтты.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/02/0b/42216894_0:280:960:1000_1920x0_80_0_0_8b4bccd561f2a20700fbda59d8fae7d3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жылу электр орталығы
"Бұл апат емес": Астанадағы ЖЭО-2-де компенсатор жарылды - энергетика министрлігі
15:46 11.02.2024 (жаңартылды: 15:49 11.02.2024) Әлеуметтік желіде ЖЭО-2-де қондырғы істемей тұрған фото тараған болатын
АСТАНА, 11 ақпан - Sputnik. Астанадағы жылу электр орталығындағы турбиналардың бірі ақауға байланысты тоқтатылды, деп хабарлады "Астана энергиясы" АҚ.
Компанияның мәліметінше, реттеу жүйесінің дұрыс жұмыс істемеуі компенсатордың бұзылуына әкеп соққан, оқиға жұма күні болған.
Компания өкілдерінің айтуынша, кәсіпорында болған оқиғаны апат деуге болмайды.
"Бұл апат емес. Барлық ақаулар жойылды және ТА-4 жұмыс істейді. Жүктеме бұрынғыдай 100 мегаватт. Бұл ЖЭО-2 жұмысына әсер еткен жоқ", - дейді компаниядағылар.
Энергетика министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта турбина жұмыс істеп тұр, ал ақаулар электр және жылу энергиясын өшірмей-ақ қалпына келтірілді.
"Фотода кеше, 10 ақпан сенбіде аяқталған жөндеу жұмыстарын жүргізу процесі көрсетілген", - деді ведомстводағылар.
Министрлік оқиғаға басқару жүйесіндегі ақаулық себеп болғанын айтты.