https://sputnik.kz/20240210/turkistanda-baysheshek-guldedi-42203542.html
Түркістанда бәйшешек гүлдеді
Түркістанда бәйшешек гүлдеді
Sputnik Қазақстан
Лапыздар тұқымдасына жататын бәйшешектің бұл түрі Қазақстанда сирек кездеседі 10.02.2024, Sputnik Қазақстан
2024-02-10T19:48+0500
2024-02-10T19:48+0500
2024-02-10T19:48+0500
бәйшешек
https://sputnik.kz/img/478/62/4786288_0:42:1201:717_1920x0_80_0_0_af9d33342a4d24bdc41ba26fa0f1ff58.jpg
АЛМАТЫ, 10 қаңтар – Sputnik. Түркістан облысында бәйшешек гүлдеді, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі."Сырдария-Түркістан мемлекет өңірлік табиғи паркіне" қарасты ерекше қорғалатын табиғи аумақтағы ерекше сәтті мемлекеттік инспектор Хамит Қалдарбеков суретке түсіріп алған.Мекемедегі ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімі меңгерушісінің айтуынша, бәйшешектің бұл түрі кессельринг лапызы деп аталады.Лапыздар тұқымдасына жататын бұл өсімдік Қазақстанда сирек кездеседі. Алайда республикада таралу аймағы кеңдеу, Батыс Тянь-Шань тау етегінен, Қаратау аласа тауынан және Шу-Іле тауларынан басқа Памир-Алай тауында өседі. Тіпті Қазақстан қызыл кітабының екінші басылымына енгізу ұсынылған.Кессельринг лапызы – сабағы жалғыз және тіке, биіктігі 6-10 см болатын көпжылдық өсімдік. Жапырақтары гүлімен қоса өседі, ал ені 1 см-ге дейін болады. Гүлдері ақ, қоңырау тәріздес болып келеді. Наурыз-мамыр айлары аралығында гүлдейді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/478/62/4786288_49:0:1116:800_1920x0_80_0_0_6ffe5d8b6ed2d7c74a9ff6019258ef1e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бәйшешек
Түркістанда бәйшешек гүлдеді
Лапыздар тұқымдасына жататын бәйшешектің бұл түрі Қазақстанда сирек кездеседі
АЛМАТЫ, 10 қаңтар – Sputnik. Түркістан облысында бәйшешек гүлдеді, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
"Сырдария-Түркістан мемлекет өңірлік табиғи паркіне" қарасты ерекше қорғалатын табиғи аумақтағы ерекше сәтті мемлекеттік инспектор Хамит Қалдарбеков суретке түсіріп алған.
Мекемедегі ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімі меңгерушісінің айтуынша, бәйшешектің бұл түрі кессельринг лапызы деп аталады.
Лапыздар тұқымдасына жататын бұл өсімдік Қазақстанда сирек кездеседі. Алайда республикада таралу аймағы кеңдеу, Батыс Тянь-Шань тау етегінен, Қаратау аласа тауынан және Шу-Іле тауларынан басқа Памир-Алай тауында өседі. Тіпті Қазақстан қызыл кітабының екінші басылымына енгізу ұсынылған.
Кессельринг лапызы – сабағы жалғыз және тіке, биіктігі 6-10 см болатын көпжылдық өсімдік. Жапырақтары гүлімен қоса өседі, ал ені 1 см-ге дейін болады. Гүлдері ақ, қоңырау тәріздес болып келеді. Наурыз-мамыр айлары аралығында гүлдейді.