Түркістан облысында үш браконьерге іздеу жарияланды

© Sputnik / Игорь Зарембо / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.02.2024
Жазылу
Браконьерлер электр зарядынқолданғаны анықталды
АЛМАТЫ, 10 қаңтар – Sputnik. Түркістан облысының прокуратурасы Шардара ауданында үш браконьерге іздеу жариялады, деп хабарлайды Otyrar.kz.
Прокуратураның айтуынша, браконьерлер электр зарядын қолданған.
Өңірдің мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының қызметкерлері заңсыз ауланған балықтың ірі партиясын тәркілеген.
Төрт браконьердің біреуі ұсталды, ал үшеуі іздестіріліп жатыр.
"Қазір шұғыл тергеу амалдары жүріп жатыр, заттай дәлелдемелер анықталды. Нива көлігі, үш қап (200 кг-нан астам) балық табылды. Тіркелмеген 3 электр құрылғысы алынды", - деп хабарлады прокуратура.
Түркістан облысының прокуратурасы әуесқой балықшылардан балық аулау ережесін сақтауды сұрайды.
Косуля. Архивное фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.01.2024
Ақмола облысының тұрғыны заңсыз елік аулаған
Жаңалықтар
0