Степногорск жылусыз қалды: тексеру басталды

© Sputnik / Александр Кряжев / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.02.2024
Жазылу
Қаладағы жылу электр орталығы жылу энергиясын өндіруді азайтты
АЛМАТЫ, 10 қаңтар – Sputnik. Степногорск қаласында жарық пен жылудың өшуіне байланысты тексеру басталды, деп хабарлады энергетика министрлігі.
Ведомствоның мәліметінше "KEGOC" АҚ электр беру желісінің ажыратылуына байланысты Степногорск ЖЭО жылу энергиясын өндіруді азайтты. Жылу электр орталығында технологиялық бұзушылық жоқ.
"Бұл факті бойынша энергетика министрлігінің ядролық және энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті тексеру жүргізуді бастады", - деп жазылған хабарламада.
Қазіргі таңда жылу электр орталығына электр қуатын беру қалпына келтіріліп, жылу желісіндегі температураны көтеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.02.2024
Степногорск қаласы тағы да жылусыз қалды
Жаңалықтар
0