Солтүстік Қазақстанда мүгедектігі бар балалардың заңды өкілдерінен негізсіз салық алынған

© Photo : Pixabay / TheDigitalWayКалькулятор, графики, расчеты
Калькулятор, графики, расчеты  - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.02.2024
Жазылу
Мүгедектігі бар балалардың 74 заңды өкілінен жалпы сомасы 6,6 млн теңге жеке табыс салығы ұсталған, ал шын мәнінде олар салық төлеуден босатылған
АЛМАТЫ, 10 ақпан - Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында мүгедек балалардың заңды өкілдерінен салық негізсіз өндірілген, деп хабарлайды облыстық прокуратура.
"Мамлют, Шал ақын, Тайынша аудандарында жұмыс берушілер "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" кодекстің 346-бабын бұзған. Мүгедектігі бар балалардың 74 заңды өкілінен жалпы сомасы 6,6 млн теңге жеке табыс салығы ұсталған, ал шын мәнінде олар салық төлеуден босатылған", - дейді ведомство.
Ақжар ауданында 19 мүгедектігі бар адамнан көлік салығы мен мемлекеттік баж салығы заңсыз ұсталған. Прокурорлық қадағалау актілері арқылы 2,3 млн теңге қайтарылды, қалған сома бойынша жұмыс жүріп жатыр.
Жаңалықтар
0