Шымкентте тергеуші кәсіпкердің жұмысын негізсіз тоқтатқан

© Sputnik / Абзал КалиевУголовное дело
Уголовное дело - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.02.2024
Жазылу
Тергеуші заңды өрескел бұзған
АЛМАТЫ, 10 ақпан - Sputnik. Шымкенттік кәсіпкердің жұмысына тергеуші заңсыз кедергі келтірген, деп хабарлайды Шымкент қаласының прокуратурасы.
Өткен жылы Жаңа жыл қарсыңында Шымкент қаласының экономикалық тергеп-тексеру департаменті кәсіпкерлік субъектісіне қатысты көрiнеу жалған есепке алу-бақылау маркалары қолданылған алкогольдік өнімді сату фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған, дейді прокуратура.
"Кәсіпорынның балансына тіркелген қоймада спирттік өнімнен бөлек басқа да алкогольсіз және салқын сусындар мен шырындар сақталған. Тергеуші тауарларды данамен алу барысында заңдылықты өрескел бұзған, ал тергеу әрекеттері аяқталғаннан кейін кәсіпкердің сауда-саттық жасауын шектеп, барлық қойманы жауып, мөрлеген", - дейді ведомство.
Осыған байланысты қала прокуратурасы тергеушінің бұл әрекеттерін заңсыз деп танып, қылмыстық істі қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатты.
Жаңалықтар
0