Шығыс Қазақстанда жер сілкінді

© Sputnik / Тимур БатыршинАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.02.2024
Жазылу
Зардап шеккендер мен қираған нысандартуралы ақпарат түскен жоқ
АЛМАТЫ, 10 ақпан – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысы Риддер жер сілкінді, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігі.
ТЖМ "Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығы" ЖШС сейсмикалық станциялар желісінде 10 ақпанда сағат 14:24-те жер сілкінісі тіркелді.
Эпицентр Алматы қаласынан шығысқа қарай 1023 км жерде Ресей аумағында, Қазақстан шекарасынан 30 км жерде орналасқан. Риддерде 2 балл деңгейінде сезілді.
"Зардап шеккендер мен қираған нысандартуралы ақпарат болған жоқ. ТЖМ бөлімшелері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп коммуналдық және гидротехникалық құрылыстардың жай-күйіне тексеру жүргізеді", - дейді ведомство.
ТЖМ азаматтарға сабыр сақтап, дүрбелеңге салынбауғакеңес береді.
Жаңалықтар
0