Астананың қарын 2,3 мыңнан астам жұмысшы тазалап жатыр

© Sputnik / Болат Шайхинов Астана қаласы
 Астана қаласы - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.02.2024
Жазылу
9-10 ақпанға қараған түні елордада 48 мың текше метрден астам қар шығарылды
АЛМАТЫ, 10 ақпан - Sputnik. 10 ақпанда таңертең қар тазалау жұмыстарына қаланың коммуналдық қызметтерінің 2,3 мыңнан астам жұмысшысы жұмылдырылды. Астананың көшелері мен тротуарларын қар мен мұздан тазартуға 1,6 мыңнан астам арнайы техника шықты, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Хабарламада 9-10 ақпанға қараған түні елордадан 48 мың текше метрден астам қар шығарылды делінген.
Қыс мезгілінің басынан бастап қар полигондарына 309 мыңға жуық рейспен 4,2 млн текше метр қар шығарылды.
Бұған дейін Астана әкімі Жеңіс Қасымбек қарлы боранға қатысты елорда тұрғындарына үндеу жасаған болатын. Қала басшысы "егде жастағы адамдар мен балалар жарақат алмау үшін сыртқа шығудан бас тартуы керек" деп мәлімдеді.
ТЖМ дауылдың алдын алу кезеңінде және ауа райы нашарлаған кезде:
ұзақ сапарларға шықпауға;
ауылдық жерлерде тұратын тұрғындар алыс қашықтыққа жаяу жүрмеуге;
елді мекендерден тыс жерлерге шықпауға;
жабық жолдарда көлікпен шоғырланбауға;
мүмкіндігінше елді мекендерде, кемпингтерде, жол бойындағы кафелерде болуға шақырды.
Жаңалықтар
0