https://sputnik.kz/20240210/aqtobe-oblysynda-askeriler-qar-qursauynan-50-den-astam-adamdy-qutqardy-42202062.html
Ақтөбе облысында әскерилер қар құрсауынан 50-ден астам адамды құтқарды
Ақтөбе облысында әскерилер қар құрсауынан 50-ден астам адамды құтқарды
Sputnik Қазақстан
Ақтөбе облысында әскерилер қар құрсауынан 50-ден астам адамды құтқарды 10.02.2024, Sputnik Қазақстан
2024-02-10T14:21+0500
2024-02-10T14:21+0500
2024-02-10T14:21+0500
ақтөбе облысы
https://sputnik.kz/img/07e8/02/0a/42201135_0:90:960:630_1920x0_80_0_0_e77baf89ec0c886c2e28a013d8721662.jpg
АЛМАТЫ, 10 ақпан – Sputnik. Ақтөбе облысында 30238 әскери бөлімінің әскери қызметшілері қарлы боранда қалған адамдарды құтқарды, деп хабарлады қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.Хромтау ауданы Ақжар елді мекенінен 20 шақырым жерде әскери қызметшілер қар құрсауынан екі вахталық автобусты шығарды. Ал жүк көліктерінің жүргізушілеріне азық-түлік берді. Трассадан адамдарды әскери техникамен Ақжар кентіне жеткізіп, ауыл мектебіне уақытша орналастырды.Адамдарды құтқару үшін эвакуациялық топ және шынжыр табанды трактор бөлінген.Ведомство ауа райы біртіндеп жақсарып, жел басылып, көріну жақсарып келе жатқанын хабарлады. Сондықтан жолдарды қар үйінділерінен тазартқаннан кейін эвакуациялық топ тұрақты орналасқан жерге оралуды жоспарлап отыр.Бұған дейін Қазақстанда 10 ақпанда ауа райының қолайсыздығына байланысты 8 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 15 учаскесінде автокөлік қозғалысы шектелгені хабарланған болатын.
ақтөбе облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/02/0a/42201135_0:0:960:720_1920x0_80_0_0_3da7de3ceb9e4801875c8b63e4886071.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақтөбе облысы
Ақтөбе облысында әскерилер қар құрсауынан 50-ден астам адамды құтқарды
Ақтөбе облысында әскерилер қар құрсауынан 50-ден астам адамды құтқарды
АЛМАТЫ, 10 ақпан – Sputnik. Ақтөбе облысында 30238 әскери бөлімінің әскери қызметшілері қарлы боранда қалған адамдарды құтқарды, деп хабарлады қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Хромтау ауданы Ақжар елді мекенінен 20 шақырым жерде әскери қызметшілер қар құрсауынан екі вахталық автобусты шығарды. Ал жүк көліктерінің жүргізушілеріне азық-түлік берді. Трассадан адамдарды әскери техникамен Ақжар кентіне жеткізіп, ауыл мектебіне уақытша орналастырды.
Адамдарды құтқару үшін эвакуациялық топ және шынжыр табанды трактор бөлінген.
"Ауа райының нашарлауына байланысты біздің бөлімде өңірдегі жағдайды бақылау және мониторингілеу жөніндегі жедел топ ашылды. Біз құтқару қызметтерімен және өңірдегі жол полициясының қызметкерлерімен бірлесіп жұмыс істейміз. Адамдарды қажетті көмек көрсететін елді мекендерге жеткіземіз", - деп түсіндірді бөлім командирі подполковник Сергей Бибулатов.
Ведомство ауа райы біртіндеп жақсарып, жел басылып, көріну жақсарып келе жатқанын хабарлады. Сондықтан жолдарды қар үйінділерінен тазартқаннан кейін эвакуациялық топ тұрақты орналасқан жерге оралуды жоспарлап отыр.
Бұған дейін Қазақстанда 10 ақпанда ауа райының қолайсыздығына байланысты 8 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 15 учаскесінде автокөлік қозғалысы шектелгені
хабарланған болатын.