Алматы облысында тұрғындар ыстық суға шағымданды

© Sputnik / Евгений Одиноков / Медиабанкке өтуОтключение воды, архивное фото
Отключение воды, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.02.2024
Жазылу
Тұрғындардың айтуынша, жертөлені су басып, тұрғын үйде егеуқұйрықтар қаптаған. Ал қыстыгүні ыстық су тоқтап қалады
АЛМАТЫ, 10 ақпан - Sputnik. Алматы облысы Қаскелең қаласында тұрғындар ыстық суға зәру, деп хабарлайды Almaty.tv
Тұрғындардың айтуынша, жертөлені су басып, тұрғын үйде егеуқұйрықтар қаптаған. Ал қыстыгүні ыстық су тоқтап қалады.
"ПИК ешқандай көмек көрсетпейді. Бәрін өзіміз жасап жатырмыз. Өткенде құбырды ауыстырып едік, басқасын айырбастаған. Енді су кетіп жатыр. Жиырма күн ыстық сусыз отырдық", – деді Қаскелең қаласының тұрғыны Аман Нысанбаев.
Алты жалдан бері осында тұратын Клара Сатыбаелдиева "бұл үйлердегі ыстық су ай сайын әр үйге кезекпен беріледі" дейді. Алғашқыда бәрі жақсы болғанмен соңғы жылдары ыстық суға қол жеткізу арман болған. Денсаулығында кінәраты бар, жүріп-тұруы қиын жалғызбасты әйел соңғы екі айда жуынуға суды ысытып жүр.
"Су жоқ. Міне, екі ай болды. Алдында тек түнде ғана су келетін. Баспананы сатып алғаныма өкінемін. Себебі проблемасы көп", – деді Қаскелең қаласының тұрғыны Клара Сатыбаелдиева.
"Әкімдіктегілер келіп қарап кеткенімен, ешқандай нәтиже жоқ" дейді жиналған халық. Ал аудан әкімдігі мәселенің мән-жайын білгенмен, заң бойынша араласа алмайтындарын алға тартты. Бірақ тексеру жұмысын жүргізіп, су мәселесін шешуге кіріседі.
Жаңалықтар
0