https://sputnik.kz/20240209/qytay-qazaqstannan-mal-sharuashylygy-onimderin-akeluge-qoyylgan-shekteulerdi-alyp-tastady--42171244.html
Қытай Қазақстаннан мал шаруашылығы өнімдерін әкелуге қойылған шектеулерді алып тастады
Қытай Қазақстаннан мал шаруашылығы өнімдерін әкелуге қойылған шектеулерді алып тастады
Sputnik Қазақстан
Тыйым салуларды алып тастау туралы шешім Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылы Қытайға ресми сапарынан кейін қабылданды 09.02.2024, Sputnik Қазақстан
2024-02-09T07:10+0500
2024-02-09T07:10+0500
2024-02-09T07:21+0500
қытай
https://sputnik.kz/img/07e7/07/0e/36793566_0:159:3076:1889_1920x0_80_0_0_cfb0c5b46c7d407c01c714988fca4054.jpg
АСТАНА, 9ақпан – Sputnik. 2024 жылғы 7 ақпаннан бастап Қазақстаннан Қытайға құс шаруашылығы өнімдерін әкелуге енгізілген және осыған дейін қолданыста болған аусыл бойынша шектеулер алынып тасталды, деп хабарлайды ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.Құс шаруашылығы өнімдерін әкелуге тыйым салу 2005 жылдан бастап жалғасып келеді, ал аусыл бойынша шектеулер 2022 жылы енгізілген еді. Шектеулерді алып тастау Қазақстанның оңтүстік-шығыс өңірлерінен Қытайға мұздатылған сиыр және шошқа етін, сондай-ақ, құс шаруашылығы өнімдерінің кең ауқымын экспорттауды қайта бастауға мүмкіндік береді.Ең маңыздысы енді Қазақстан экспорттық тауарлар желісін кеңейту бойынша ветеринарлық талаптарды келісу рәсімін, сондай-ақ Қазақстанның барлық аумағынан кәсіпорындардан экспорттауға келісім алу бойынша жұмысты бастай алады.Тыйым салуларды алып тастау туралы шешім Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылы Қытайға ресми сапарынан кейін қабылданды. Осы сапары барысында мемлекет басшысы Қазақстанның Қытайға мал шаруашылығы өнімдерін жеткізуге дайын екенін атап өткен еді.
қытай
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/07/0e/36793566_174:0:2903:2047_1920x0_80_0_0_c5bda82ed6d944bbdb90b1f28ec9edb5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қытай
Қытай Қазақстаннан мал шаруашылығы өнімдерін әкелуге қойылған шектеулерді алып тастады
07:10 09.02.2024 (жаңартылды: 07:21 09.02.2024) Тыйым салуларды алып тастау туралы шешім Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылы Қытайға ресми сапарынан кейін қабылданды
АСТАНА, 9ақпан – Sputnik. 2024 жылғы 7 ақпаннан бастап Қазақстаннан Қытайға құс шаруашылығы өнімдерін әкелуге енгізілген және осыған дейін қолданыста болған аусыл бойынша шектеулер алынып тасталды, деп хабарлайды ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Құс шаруашылығы өнімдерін әкелуге тыйым салу 2005 жылдан бастап жалғасып келеді, ал аусыл бойынша шектеулер 2022 жылы енгізілген еді. Шектеулерді алып тастау Қазақстанның оңтүстік-шығыс өңірлерінен Қытайға мұздатылған сиыр және шошқа етін, сондай-ақ, құс шаруашылығы өнімдерінің кең ауқымын экспорттауды қайта бастауға мүмкіндік береді.
Ең маңыздысы енді Қазақстан экспорттық тауарлар желісін кеңейту бойынша ветеринарлық талаптарды келісу рәсімін, сондай-ақ Қазақстанның барлық аумағынан кәсіпорындардан экспорттауға келісім алу бойынша жұмысты бастай алады.
Тыйым салуларды алып тастау туралы шешім Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылы Қытайға ресми сапарынан кейін қабылданды. Осы сапары барысында мемлекет басшысы Қазақстанның Қытайға мал шаруашылығы өнімдерін жеткізуге дайын екенін атап өткен еді.