https://sputnik.kz/20240209/otandyq-ondirushilerdin-onimderin-keninen-qoldanu-kerek-premer-ministr-42188079.html
Отандық өндірушілердің өнімдерін кеңінен қолдану керек – премьер-министр
Отандық өндірушілердің өнімдерін кеңінен қолдану керек – премьер-министр
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 9 ақпан – Sputnik. Үкімет басшысы Олжас Бектенов өнеркәсіптік дамуға жаңа серпін беру үшін бірінші вице-премьер Роман Склярға 10 күн ішінде барлық ірі... 09.02.2024, Sputnik Қазақстан
2024-02-09T14:22+0500
2024-02-09T14:22+0500
2024-02-09T14:25+0500
олжас бектенов
отандық өнім
https://sputnik.kz/img/old/590/68/5906884_0:83:1584:974_1920x0_80_0_0_e3b8cee3d8c100a837f8eb1f80dc746f.jpg
АСТАНА, 9 ақпан – Sputnik. Үкімет басшысы Олжас Бектенов өнеркәсіптік дамуға жаңа серпін беру үшін бірінші вице-премьер Роман Склярға 10 күн ішінде барлық ірі өнеркәсіп кәсіпорны иелерімен, бірінші кезекте өндіруші салалардағы кәсіпорындармен келіссөз жүргізуді тапсырды, деп хабарлады премьер-министрдің баспасөз қызметі.Бұл ретте премьер-министр отандық өнеркәсіп саласындағы алпауыт кәсіпорындар қазақстандық тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды түбегейлі арттыруы тиіс екенін атап өтті. Олармен тиісті келісімдер жасалмақ.Құрылыс саласының түйткілді мәселелерін талқылай отырып, Премьер-министр отандық өндірушілердің өнімдерін кеңінен қолданудың маңыздылығын атап өтті."Барлық сметалық құжатқа қазақстандық құрылыс материалдары мен басқа да заттар енгізілуі тиіс. Сондай-ақ сметалық құжаттамаларға материалдар мен жұмыстардың құнын орынсыз жоғарылатып жіберуге қатысты тексеру жүргізіңіздер. Сметалардың құны көтеріліп кететіні баршаға мәлім. Бұл мәселеде де тәртіп орнату керек", — деді Олжас Бектенов.Сондай-ақ үкімет басшысы өнеркәсіптік кәсіпорындарды энергиямен сенімді түрде қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.Президенттің тапсырмасы бойынша биыл 700 МВт-тан астам қосымша генерацияны іске қосу қажет. Олжас Бектенов тапсырма орындалмаған жағдайда тиісті қорытындылар жасалатынын атап өтті.Премьер-пинистр жауапты министрлікке экономика салаларында суды ұтымды тұтыну жөніндегі шаралар кешенін дайындауды, сондай-ақ су пайдалану мәдениетін енгізу жөніндегі жұмыстарды пысықтауды тапсырды.Қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу зауыттарын салуға қатысты үкімет басшысы бір ай мерзімде жеке инвестициялар тарту жөнінде ұсыныстар әзірлеуді талап етті."Ұсыныстар – бұл жалпылама көзқарастарды ғана емес, әлеуетті инвесторлары мен іске асыру мерзімдері бар нақты жобаларды білдіреді", — деп атап өтті премьер-министр.
https://sputnik.kz/20240209/10-kun-ishinde-byudzhetke-tekseris-zhurgiziledi-bektenov-salyq-kodeksin-qayta-zhazudy-tapsyrdy-42186484.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/590/68/5906884_88:0:1496:1056_1920x0_80_0_0_907e003afa59f17d590b2172bf9641a9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
олжас бектенов, отандық өнім
олжас бектенов, отандық өнім
АСТАНА, 9 ақпан – Sputnik. Үкімет басшысы Олжас Бектенов өнеркәсіптік дамуға жаңа серпін беру үшін бірінші вице-премьер Роман Склярға 10 күн ішінде барлық ірі өнеркәсіп кәсіпорны иелерімен, бірінші кезекте өндіруші салалардағы кәсіпорындармен келіссөз жүргізуді тапсырды, деп хабарлады премьер-министрдің баспасөз қызметі.
"Олар жақын арада жаңа жоғары дәрежеде өңдеу өндірістерін құрудың нақты жоспарларын ұсынуы керек", — деді Олжас Бектенов.
Бұл ретте премьер-министр отандық өнеркәсіп саласындағы алпауыт кәсіпорындар қазақстандық тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды түбегейлі арттыруы тиіс екенін атап өтті. Олармен тиісті келісімдер жасалмақ.
Құрылыс саласының түйткілді мәселелерін талқылай отырып, Премьер-министр отандық өндірушілердің өнімдерін кеңінен қолданудың маңыздылығын атап өтті.
"Барлық сметалық құжатқа қазақстандық құрылыс материалдары мен басқа да заттар енгізілуі тиіс. Сондай-ақ сметалық құжаттамаларға материалдар мен жұмыстардың құнын орынсыз жоғарылатып жіберуге қатысты тексеру жүргізіңіздер. Сметалардың құны көтеріліп кететіні баршаға мәлім. Бұл мәселеде де тәртіп орнату керек", — деді Олжас Бектенов.
Сондай-ақ үкімет басшысы өнеркәсіптік кәсіпорындарды энергиямен сенімді түрде қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.
Президенттің тапсырмасы бойынша биыл 700 МВт-тан астам қосымша генерацияны іске қосу қажет. Олжас Бектенов тапсырма орындалмаған жағдайда тиісті қорытындылар жасалатынын атап өтті.
Премьер-пинистр жауапты министрлікке экономика салаларында суды ұтымды тұтыну жөніндегі шаралар кешенін дайындауды, сондай-ақ су пайдалану мәдениетін енгізу жөніндегі жұмыстарды пысықтауды тапсырды.
Қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу зауыттарын салуға қатысты үкімет басшысы бір ай мерзімде жеке инвестициялар тарту жөнінде ұсыныстар әзірлеуді талап етті.
"Ұсыныстар – бұл жалпылама көзқарастарды ғана емес, әлеуетті инвесторлары мен іске асыру мерзімдері бар нақты жобаларды білдіреді", — деп атап өтті премьер-министр.