Өңірлер

Досаев лай көшкінінен кейін тау бөктеріндегі құрылысты бақылау күшейетінін айтты

© Photo : ДЧС АлматыАлматыдағы лай көшкіні
Алматыдағы лай көшкіні - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.02.2024
Жазылу
АСТАНА, 9 ақпан – Sputnik. Алматы әкімдігі тау бөктеріндегі құрылысты бақылауды күшейтеді. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді.
Қала басшысы әкімдік Алматы тау бөктеріндегі құрылысты бақылауды күшейту бойынша кешенді жұмыс жүргізіп жатқанын және "Тау Самалы" шағын ауданындағы қайғылы оқиға тиісті шараларды күшейту қажеттігін дәлелдегенін атап өтті.
Мәселен, 2022 жылғы маусымда мәслихат 15 градустан асатын таулы беткейлерде құрылысқа тыйым салуды ұсынып, қолдаған болатын.
"Осы норма қабылданған сәттен бастап таулы жерлерде анықталған заңсыз құрылыстың 54 фактісінен соттарға 45 талап-арыз берілді, оның 31-і қаланың пайдасына шешілді, 4-еуі қарастырылуда. Қалған 9-ы бойынша ескертулер жойылды немесе құрылыс-монтаж жұмыстары тоқтатылды және сотқа талап-арыздар дайындалуда", - деді Ерболат Досаев.
Әкімдіктің ақпаратынша, бұл бағыттағы жұмыс жалғасады.
Қазіргі уақытта Алматының 2040 жылға дейінгі Бас жоспарына толық сәйкес келетін және қала аумақтарын құрылыс үшін әртүрлі талабы бар аймақтарға бөлетін егжей-тегжейлі жоспарлаудың жаңа жобалары бекітілді.
Естеріңізге сала кетейік, 8 ақпанда сағат 02.20-да Алматы қаласы Медеу ауданының "Тау-Самал" шағын ауданында алдын ала ақпарат бойынша техногендік сипаттағы топырақтың ылғалдануынан лай көшкіні жүрген. Салдарынан төрт адам үйінді астында қалып қаза болды. Үйінді астынан құтқарушылар 1984 жылы туған ер адамның, 1980 жылы туған әйелдің және 2007 жылы туған екі жасөспірімнің денелерін алып шықты.
Виды Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.02.2024
Алматы әкімдігі қар көшкінінен қаза тапқан отбасын жерлеуге көмектеседі
Жаңалықтар
0