Ауа райының қолайсыздығына байланысты 9 облыста жол жабылды

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.02.2024
Жазылу
Республикалық маңызы бар автожолдарда қозғалысқа шектеу енгізілді
АСТАНА, 9 ақпан – Sputnik. 9 ақпан сағат 18.00-дағы ахуалға сәйкес ауа райының қолайсыздығына байланысты 9 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 23 учаскесінде жол қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлады ҚазАвтоЖол.
Абай облысында – 3 учаске
Ақмола облысында – 1 учаске
Ақтөбе облысында – 4 учаске
Шығыс Қазақстан облысында – 5 учаске
Қарағанды облысында – 1 учаске
Қостанай облысында – 3 учаске
Қызылорда облысында – 1 учаске
Солтүстік Қазақстан облысында – 4 учаске
Ұлытау облысында – 1 учаске
"Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 816 бірлік техника және 1605 жолшы жұмылдырылды", - деп жазылған хабарламада.
ТЖМ дабылды ескерту кезеңінде және ауа райының нашарлауы кезінде мынадай қатаң кеңес береді:
ұзақ сапарға шықпаңыз;
ауылдық жерлерде тұратын тұрғындар алыс қашықтыққа жаяу жүрмеңіз;
елді мекендерден тыс жерге шықпаңыз;
жабылған автожолдарда көлікпен топтасып тұрмаңыз;
мүмкіндігінше елді мекендерде, кемпингтерде, жол бойындағы кафелерде болыңыз.
Бұған дейін ақтөбелік құтқарушылар науқасты дәрігерлерге жеткізу үшін боранмен 18 шақырым жаяу жүргені хабарланған болатын. Олар жол көрсетіп, жол талғамайтын көліктің алдында жүрді.
Жаңалықтар
0