Өңірлер

Ақтөбе облысында ақтүтек бораннан бірнеше елді мекен әлі жарықсыз отыр

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.02.2024
Жазылу
Әкімнің айтуынша, Ақтөбе қаласы мен аудандарда жарық беру жұмыстары түнімен жүргізіледі
АСТАНА, 9 ақпан – Sputnik. Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров өңірдегі ағымдағы жағдай туралы бейнежазба жариялады.
"Облыстағы 56 ауылдың 27-сі жарыққа қосылды. Ол 2700 абонент. Ақтөбе қаласында да жарық сөнді. Қала және аудандарда жарық беру жұмыстары түнімен жүргізіледі",- дейді облыс әкімі.
Оның айтуынша, сумен қамту бойынша "Төменгі Қарғалы" және "Тамды" бастоғандары, сондай-ақ қаланың су тазарту нысандарының жұмысы қалпына келтірілген.
8 ақпандағы жағдай бойынша 7 республикалық және 7 облыстық маңызы бар автожол жабық. Апатты-құтқару жұмыстарына 46 полиция жасағы, төтенше жағдай, әскери бөлімдер мен жергілікті атқарушы органдардан 81 бірлік техника, 211 жеке құрам тартылған.
"Облыстың 8 ауданының орталығында, яғни Қарғалы, Қобда, Әйтеке би, Алға, Мұғалжар, Хромтау, Байғанин, Мәртөк аудандарында 11 жылыту пункті ашылды, онда 427 адам, соның ішінде 18 әйел және 20 бала орналастырылды. 8 автобус қар құрсауынан шығарылып, 157 адам, оның ішінде 17 бала эвакуацияланды және жақын жердегі жылыту бекеттеріне жеткізілді. Полиция трассалардағы 50-ден астам автокөлікті құтқарды", - деді Шахаров.
Өңір басшысы сын сағатта күндіз-түні қолдау көрсетіп, жолдағы азаматтарға барынша қол ұшын созып жатқан мейірімді жандарға, волонтерларға алғыс айтып, баршаны болған жағдайға түсіністік танытып, сабыр сақтауға шақырды.
Поезд прибывает на станцию - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.02.2024
Ауа райына байланысты қосымша вагондар жолға шығады
Жаңалықтар
0