Алматыда басқарма басшысының орынбасары алаяқтық жасады деген күдікке ілінді

© Sputnik / Екатерина Штукина / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.02.2024
Жазылу
Жергілікті кәсіпкердің 21 млн теңге көлеміндегі қаражатын алаяқтық жолмен иемденген
АЛМАТЫ, 9 ақпан – Sputnik. Алматы қаласы коммунальдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысының орынбасары алаяқтық жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.
Антикордың айтуынша, ол кәсіпкердің қаржысын иемденген.
"Алдау арқылы ол аула аумақтарын күтіп ұстау, жинау және қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару бойынша қызметтер көрсету шартын жасасамын деген сылтаумен жергілікті кәсіпкердің 21 млн теңге көлеміндегі қаражатын иемденген", - деп жазды ведомство.
Күдікті үй қамағына алынды, тергеу жүріп жатыр.
Деньги, кошелек, компьютер, иллюстративное фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.02.2024
Жамбыл облысында алаяқтық жолмен субсидия алған басшылар ұсталды
Жаңалықтар
0