https://sputnik.kz/20240209/alem-qazir-auyr-detke-shaldyqqan--putin-42173548.html
Әлем қазір ауыр дертке шалдыққан – Путин
Әлем қазір ауыр дертке шалдыққан – Путин
Sputnik Қазақстан
Владимир Путиннің сұхбатын әлеуметтік желіде көргендер саны 30 миллионнан асты 09.02.2024, Sputnik Қазақстан
2024-02-09T08:11+0500
2024-02-09T08:11+0500
2024-02-09T14:06+0500
владимир путин
сұхбат
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07e8/02/09/42170887_0:0:3072:1728_1920x0_80_0_0_c301afa294d7e49d45a17f3e1067e612.jpg
АСТАНА, 9 ақпан – Sputnik. Биполярлық бұзылыс кезіндегі мидың жарты шарлары сияқты әлем де қазір екіге бөлінген ауыр дерт кезеңін бастан кешіруде, деді Владимир Путин.Президенттің айтуынша, қауіпсіздік "алтын миллиардқа" ғана арналмаған, бәріне ортақ болуы үшін әлем бірігуі керек."Тек осы жағдайда ғана әлем тұрақты болады. Ал бас екі бөлікке бөлінген болса, бұл ауыр дертпен тең. Әлем қазір осы ауыр ауру кезеңін бастан кешіруде", - деп есептейді Ресей президенті.Оның айтуынша, ақиқатты айтатын журналистика да әлемді сауықтыра алады."Менің ойымша, адал журналистиканың арқасында мұның бәрін қандай да бір жолмен реттеуге болады. Себебі, журналистер дәрігерлер сияқты жұмыс істейді", - деді Путин.Владимир Путин Мәскеуде америкалық журналист Такер Карлсонмен кездесті. Сұхбат екі сағаттан астам уақытқа созылып, Ресей президенті Украина және "Солтүстік ағындар" төңірегіндегі жағдай, Батыс пен Ресей арасындағы қарым-қатынастар неліктен осылай дамығаны туралы көптеген күрделі және өзекті сұрақтарға жауап берді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/02/09/42170887_0:0:2732:2048_1920x0_80_0_0_0852c5a20c35e41e5b66d63c0cb2a073.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
владимир путин, сұхбат
Әлем қазір ауыр дертке шалдыққан – Путин
08:11 09.02.2024 (жаңартылды: 14:06 09.02.2024) Владимир Путиннің сұхбатын әлеуметтік желіде көргендер саны 30 миллионнан асты
АСТАНА, 9 ақпан – Sputnik. Биполярлық бұзылыс кезіндегі мидың жарты шарлары сияқты әлем де қазір екіге бөлінген ауыр дерт кезеңін бастан кешіруде, деді Владимир Путин.
"Сіз әлем екі жартышарға бөлінгенін айттыңыз. Бас екі жартышарға бөлінеді: біреуі әрекеттің бір саласына жауапты, екіншісі креатив және тағы басқасына жауапты. Бірақ бұл бәрібір бүтін бір бас", - деді Путин Такер Карлсонға берген сұхбатында.
Президенттің айтуынша, қауіпсіздік "алтын миллиардқа" ғана арналмаған, бәріне ортақ болуы үшін әлем бірігуі керек.
"Тек осы жағдайда ғана әлем тұрақты болады. Ал бас екі бөлікке бөлінген болса, бұл ауыр дертпен тең. Әлем қазір осы ауыр ауру кезеңін бастан кешіруде", - деп есептейді Ресей президенті.
Оның айтуынша, ақиқатты айтатын журналистика да әлемді сауықтыра алады.
"Менің ойымша, адал журналистиканың арқасында мұның бәрін қандай да бір жолмен реттеуге болады. Себебі, журналистер дәрігерлер сияқты жұмыс істейді", - деді Путин.
Владимир Путин Мәскеуде америкалық журналист Такер Карлсонмен кездесті. Сұхбат екі сағаттан астам уақытқа созылып, Ресей президенті Украина және "Солтүстік ағындар" төңірегіндегі жағдай, Батыс пен Ресей арасындағы қарым-қатынастар неліктен осылай дамығаны туралы көптеген күрделі және өзекті сұрақтарға жауап берді.