"Жалған автонесие": халықты 2,9 млрд теңгеге алдап кеткен алаяқтардың екіншісі ұсталды

© Sputnik / Тимур БатыршинНаручники, архивное фото
Наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.02.2024
Жазылу
Ол азаматтарға жалған автокөлік несиесін рәсімдеген
АСТАНА, 8 ақпан – Sputnik. Астана қаласында аса ірі көлемде алаяқтық қылмысы бойынша іздеуде жүрген тағы бір күдікті ұсталды, деп хабарлайды бас прокуратураның баспасөз қызметі.
Тергеу материалдарына сәйкес, К.Сүлейменов 2021-2022 жылдары адамдар тобымен азаматтарға жалған автокөлік несиесін рәсімдеген. Олардың алаяқтық әрекетінен 231 адам 2,9 млрд теңгеден айырылды.
Биыл қаңтардың соңында Қызылорда қаласында оның сыбайласы Р.Қ.Қаржауов ұсталған болатын. Ал Сүлейменов 2022 жылдың мамыр айынан бері іздеуде жүрген.
Қазіргі кезде Сүлейменов Ақтау қаласына жеткізіліп, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған тағылған айып үшін он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Кінәлі адамдардың мүлкі де тәркіленеді.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2024
Қызылордада тұрғындарды 2,9 млрд теңгеге алдаған ер адам ұсталды
Жаңалықтар
0