Тасмағамбетов пен Лавров ҰҚШҰ сыртқы істер министрлер кеңесінің отырысы туралы талқылады

© Photo : Парламентская Ассамблея ОДКБИмангали Тасмагамбетов и Сергей Лавров
Имангали Тасмагамбетов и Сергей Лавров - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.02.2024
Жазылу
ҰҚШҰ Бас хатшысы Ресей СІМ қызметкерлеріне марапаттар табыс етті
АЛМАТЫ, 8 ақпан - Sputnik. 7 ақпанда Сергей Лавров Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовпен кездесті.
Олар ұйым қызметінің өзекті мәселелерін, 2023 жылғы 23 қарашада Минскіде өткен ұжымдық қауіпсіздік кеңесі сессиясының шешімдерін іске асыру барысын, сондай-ақ алдағы 2024 жылғы маусымда ҰҚШҰ сыртқы істер министрлерінің кеңесі отырысына дайындықты талқылады.
Кездесу соңында Ресей СІМ қызметкерлеріне Иманғали Тасмағамбетов ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының наградаларын табыс етті.
Сонымен қатар Сергей Лавров ҰҚШҰ форматындағы парламентаралық ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін ҰҚШҰ парламенттік ассамблеясының жауапты хатшысы – ҰҚШҰ парламенттік ассамблеясы хатшылығының басшысы Сергей Поспеловті Ресей Федерациясы сыртқы істер министрлігінің "Өзара іс-қимыл жасағаны үшін" төсбелгісімен марапаттады.
Жаңалықтар
0