Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Ресейлік астықты экспорттауға қатысты талқылаулар қашан өтетіні белгілі болды

© Photo : Пресс-служба министерства сельского хозяйстваУченые Казахстана разработали новый сорт зерна "Таймас"
Ученые Казахстана разработали новый сорт зерна Таймас - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.02.2024
Жазылу
АСТАНА, 8 ақпан - Sputnik. "Астық мәмілесімен" қатар жасалған ресейлік астық пен тыңайтқыштарды экспорттау туралы меморандум бойынша БҰҰ мен Ресей өкілдерінің келесі кездесуі ақпан айында өтуі мүмкін. Бұл туралы БҰҰ жанындағы Ресей Федерациясының тұрақты өкілі Геннадий Гатилов мәлімдеді, деп хабарлады РИА Новости.
"Біз әлемнің ең кедей елдеріне ресейлік астық пен тыңайтқыштарды тегін жеткізуді ұйымдастыру науқанын бастадық. Алайда бұл жерде де Батыстың кері әсері болды. Шығындардың ұлғаюы, күрделі логистика және олардан туындаған тәуекелдердің жоғарылауы тиісті тауарлардың қолжетімділігі төмендеуіне және құнының өсуіне әкеледі. Осы қиын жағдайларда Ресей мен БҰҰ ресейлік ауыл шаруашылығы өнімдерінің әлем нарықтарына кедергісіз жетуін қамтамасыз ету бойынша пікір алмасуды жалғастыруда. Бұл мәселе бойынша тұрақты консультациялар жүріп жатыр және келесі талқылау ақпан айында өтетін шығар", - деді ол.
Гатилов "Қара теңіз бастамасын" украиналардың ресейлік әскери нысандарға шабуыл жасауы салдарынан тоқтатылғанын, сондай-ақ Украинадан келетін астық жүктерінің тек 3%-дан азы мұқтаж елдерге жіберілгенін, бұл гуманитарлық мақсатқа сай келмейтінін айтты.
Еске салсақ, астық бастамасы келісім пакетінің ажырамас бөлігі болды және оның екінші бөлімі, яғни, үш жылға есептелген Ресей-БҰҰ меморандумы ресейлік азық-түлік пен тыңайтқыштардың экспортына тосқауылды алып тастауды қарастырды. Негізгі міндеттердің қатарында Россельхозбанкті SWIFT жүйесіне қайта қосу, ауыл шаруашылығы техникасын, қосалқы бөлшектерді жеткізуді қалпына келтіру, "Тольятти-Одесса" аммиак құбырының жұмысын қайта жандандыру және басқа да бірқатар шаралар болды. Дегенмен, Мәскеу бірнеше рет атап өткендей, пакеттік келісімнің бұл бөлігі орындалмады.
Жаңалықтар
0