ЕАЭО-да бензинді тұтыну бағасының индексі былтыр 107,6%-ға жетті

© Sputnik / Владислав ВодневЗаправочный шланг в бензобаке автомобиля
Заправочный шланг в бензобаке автомобиля  - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.02.2024
Жазылу
Дизель отыны бойынша бұл көрсеткіш – 109,1%, электр энергиясы үшін төлем бойынша – 103,2%
АСТАНА, 8 ақпан – Sputnik. Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде 2023 жылғы желтоқсанда автокөлік бензинінің тұтыну бағасының индексі жылдық мәнде 107,6%-ды құрады.
Дизель отыны бойынша – 109,1%, электр энергиясы бойынша – 103,2%.
Бұл ретте ЕАЭО-да 2023 жылғы желтоқсанда автомобиль бензинін өндірушілердің баға индексі 2022 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда тиісінше 124,7%, дизель отыны үшін – 108,8%, электр энергиясы үшін – 111%-ды құрады.
Тұтынудың орташа бағасы Ресейде автомобиль бензинінің орташа өндіруші бағасынан 3,1 есеге, Қазақстанда – 1,6 есеге, Беларусьте – 1,5 есеге, Қырғызстанда 10%-ға жоғары болды; дизель отын бойынша Қазақстанда – 1,8 есеге, Ресейде – 1,7 есеге, Беларусьте – 36,9%-ға, Қырғызстанда – 18,2%-ға жоғары.
Жаңалықтар
0