Лай көшкіні себептерін арнайы топ анықтайды: Досаев оқиға орнына барды

© Photo : Пресс-служба акима АлматыАким Алматы Ерболат Досаев на месте схода оползня
Аким Алматы Ерболат Досаев на месте схода оползня - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.02.2024
Жазылу
Көршілердің айтуынша, бұл үйде 4 адамнан тұратын отбасы болған
АСТАНА, 7 ақпан - Sputnik. Алматы әкімі Ерболат Досаев топырақтың лайлануы сапдарынан болған техногендік сипаттағы лай көшкіні болған жерге барды, деп хабарлайды қалалық әкімдік.
Қала басшысы бүлінген ғимараттарды аралап, шұғыл көшпелі кеңес өткізді.
"Басты басымдық - іздеу-құтқару жұмыстары. Алдын ала ақпарат бойынша үйде тұратын адамдарды іздеу бойынша барлық жұмылдыру топтарының жұмысын үздіксіз қамтамасыз ету қажет", - деді Ерболат Досаев.
Көршілердің айтуынша, бұл үйде 4 адамнан тұратын отбасы болған.
Әкімнің тапсырмасы бойынша болған оқиғаның себептерін тексеру және лай көшкіні салдарын жою бойынша арнайы топ құрылды.
Еске сала кетейік, 8 ақпанда Медеу ауданының "Тау-Самалы" шағынауданындағы Олимпийская көшесі бойында техногендік сипаттағы топырақтың ылғалдануы салдарынан лай көшкіні болған.
Сағат 08:00-дегі жағдай бойынша іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда. Бұл жерде жедел медициналық көмек бригадалары бар.
Алматы әкімдігі тек ресми деректерге сенуді сұрайды.
Жаңалықтар
0