Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Байден Украинаға қатысты күтпеген мәлімдеме жасады

© AP Photo / Nariman El-MoftyУкраина әскери қызметкерлері, архивтегі фото
Украина әскери қызметкерлері, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.02.2024
Жазылу
АСТАНА, 8 ақпан – Sputnik. АҚШ президенті Джо Байден көмектің қысқаруы салдарынан Украина қақтығыстың қиын кезеңінде тұр деп мәлімдеді. Бұл туралы Bloomberg агенттігі хабарлады.
Ол Нью-Йорктегі қаражат жинау іс-шарасында Украинаның одақтастары Киевті тастап бара жатқанына алаңдаушылық білдіріп, Украина қақтығыстың қиын кезеңінде екенін баса айтты.
"Біз не істеп жатырмыз? Шегініп жатырмыз ба?" – деп ашуланды АҚШ басшысы.
Дүйсенбіде АҚШ Сенаты шекара күзетін қамтамасыз ету, Украина мен Израильге көмек көрсету үшін ақша бөлуді біріктіретін заң жобасын ұсынды.
РИА Новостидің хабарлауынша жалпы заң жобасы 118,28 миллиард доллар бөлуді ұсынады, оның ішінде 60,06 миллиард доллар Киевті қолдауға арналған. Бұл ретте шекара қауіпсіздігін қамтамасыз етуге одан үш есе аз – 20,2 миллиард доллар жұмсау жоспарлануда. Президент Джо Байден заң жобасын қолдайтынын айтып, Конгрессі оны мүмкіндігінше тезірек қабылдауға шақырды.
Алайда ұсынылған заң жобасы республикашыл саясаткерлердің қатаң сынына ұшырады. АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп бұл заң жобасына тек ақымақ немесе радикалды солшыл демократ дауыс береді деп пікір білдірді.
АҚШ Өкілдер палатасының спикері Майк Джонсонның айтуынша, Киевке, Израильге көмек пен Америка Құрама Штаттарының өз шекарасын қорғауды біріктіретін заң жобасы "күткеннен де нашар" болған және бастама сәтсіздікке ұшырайды.
Жаңалықтар
0