Әуе компаниялары арасында бәсеке жоқ – сенатор

© Photo : Пресс-служба Air Astana Самолет Air Astana
Самолет Air Astana - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.02.2024
Жазылу
Соңғы статистика бойынша "Эйр Астана" жолаушылардың 70%-ін, "Скат" 23%-ін, ал "Qazaq Air" жолаушылар ағынының 7%-ін тасымалдайды
АСТАНА, 8 ақпан – Sputnik. Елімізде ұшақтар ескіріп барады, бірақ әуе компаниялары өз флотын жаңартуға асықпай отыр. Нарықта бәсеке жоқ және барлық әуежай қауіпсіздік стандартына сәйкес келмейді. Бұл туралы сенат депутаты Ғалиасқар Сарыбаев өзінің депутаттық сауалында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ол Қазақстанда тұрақты әуе тасымалын үш ірі авиакомпания жүзеге асыратынын атап өтті. Олар: "Эйр Астана", "Скат" және "Qazaq Air". Соңғы статистика бойынша "Эйр Астана" жолаушылардың 70%-ін, "Скат" 23%-ін, ал "Qazaq Air" жолаушылар ағынының 7%-ін тасымалдайды.
"Бұл сандар нарықтың тым көп шоғырлануы мен бәсекенің жоқтығын көрсетеді. Бүгінде елімізде 99 ұшақ әуе тасымалында жүр. 2030 жылға қарай Қазақстанда әуе жолаушылары 24 миллион адамға жетеді деп болжануда. Осы дерекке сәйкес, алдағы 6 жыл ішінде қазақстандық әуе компанияларының әуе паркі екі есеге артуы тиіс. Алайда Қазақстанда соңғы 30 жылдағы флоттың жаңару жылдамдығын ескере отырып, тасымал тапшылығы 2030 жылдан кейін де сақталу қаупі бар", – дейді депутат.
Сенатор өңірлік әуежайлардың инфрақұрылымы оларды нормативтерге сәйкес ұстап тұру үшін қомақты қаржы салуды талап ететінін атап өтті. Олардың тек 10-ы ғана дәл қону жүйесімен жабдықталған және тәулік бойы жұмыс істейді. Ал әуежайларды шетелдік компанияларға беру, оның пікірінше, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде мәселе туғызады.
"Өткізу бекеттерін паспорттарды тексеру үшін жаңа техникалық құралдармен жарақтандыру керек, кадр даярлауға ерекше көзқарас қажет. Ал Қазақстанның озық университеттері базасында ғылыми-зерттеу институттарын құру маңызды", – деп санайды ол.
Сарыбаевтің пікірінше, Қазақстанның авиациялық активтерін шетелдіктердің басқаруына беру кезінде азаматтық авиация ұйымдарында басқарушылардың сабақтастығын қамтамасыз ету үшін бірлесіп басқарушы тетігін енгізу керек. Сондай-ақ отандық зауыттарды жүк әуе компанияларының транзитін тартудың негізгі факторларының бірі ретінде авиаотын өндіруге қайта бағдарлау қажет.
Жаңалықтар
0