https://sputnik.kz/20240207/zeynetaqy-qorynyn-aqshasyn-qay-salaga-salgan-tiimdi--toqaev-oz-pikirin-aytty-42124785.html
Зейнетақы қорының ақшасын қай салаға салған тиімді – Тоқаев өз пікірін айтты
Зейнетақы қорының ақшасын қай салаға салған тиімді – Тоқаев өз пікірін айтты
Sputnik Қазақстан
Үкімет бірыңғай зейнетақы салымдары есебінен жүзеге асырылатын жобалардың пайыздық өсімін субсидиялауға тиіс 07.02.2024, Sputnik Қазақстан
2024-02-07T11:42+0500
2024-02-07T11:42+0500
2024-02-07T11:42+0500
зейнетақы
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e6/04/04/23948646_2:0:2999:1686_1920x0_80_0_0_4ddc7c868cc05a92f13e7e34ab439aab.jpg
АСТАНА, 7 ақпан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірыңғай зейнетақы қорының қаражатын пайдалануға қатысты өз ойын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Президенттің ойынша, нақты секторды ұзақ мерзімге арналған қаржымен қамтамасыз ету өнеркәсіп саласын қарқынды дамытудың негізгі шарты болып саналады.Осы орайда президент экономикалық айналымға түсетін зейнетақы активтерін тек қана нарық талаптарына сай қолдану керектігін ерекше атап өтті."Бұл мәселеде салымшылар алдындағы жауапкершілік өте жоғары. Қажет болса, үкімет бірыңғай зейнетақы салымдары есебінен жүзеге асырылатын жобалардың пайыздық өсімін субсидиялауға тиіс. Осы маңызды жұмысқа квазимемлекеттік құрылымдар сияқты делдалдарды қолдан жасаудың қажеті жоқ. Мұндай жағдай бұрын талай рет болған", - деп атап көрсетті мемлекет басшысы.Банктерді де экономиканың нақты секторына қаржы құюға ынталандыру қажет.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/04/23948646_376:0:2624:1686_1920x0_80_0_0_7ef87660891fab34e7923c079ed4310f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
зейнетақы, қасым-жомарт тоқаев
зейнетақы, қасым-жомарт тоқаев
Зейнетақы қорының ақшасын қай салаға салған тиімді – Тоқаев өз пікірін айтты
Үкімет бірыңғай зейнетақы салымдары есебінен жүзеге асырылатын жобалардың пайыздық өсімін субсидиялауға тиіс
АСТАНА, 7 ақпан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірыңғай зейнетақы қорының қаражатын пайдалануға қатысты өз ойын айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Президенттің ойынша, нақты секторды ұзақ мерзімге арналған қаржымен қамтамасыз ету өнеркәсіп саласын қарқынды дамытудың негізгі шарты болып саналады.
"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының активтерін тиімді пайдалану – осы мәселені шешудің бір амалы. Бұл ретте, әрине, міндетті түрде зейнетақы жинағының сақталуын қамтамасыз ету керек. Сондықтан экономиканы әртараптандыруға және индустрияландыруға ықпал ететін жобаларды мұқият іріктеу қажет", - деді Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Осы орайда президент экономикалық айналымға түсетін зейнетақы активтерін тек қана нарық талаптарына сай қолдану керектігін ерекше атап өтті.
"Бұл мәселеде салымшылар алдындағы жауапкершілік өте жоғары. Қажет болса, үкімет бірыңғай зейнетақы салымдары есебінен жүзеге асырылатын жобалардың пайыздық өсімін субсидиялауға тиіс. Осы маңызды жұмысқа квазимемлекеттік құрылымдар сияқты делдалдарды қолдан жасаудың қажеті жоқ. Мұндай жағдай бұрын талай рет болған", - деп атап көрсетті мемлекет басшысы.
Банктерді де экономиканың нақты секторына қаржы құюға ынталандыру қажет.