Майқайыңда автобус шұңқырға құлады: құтқару жұмыстары қайта жанданды

© Photo : Пресс-служба МЧС КазахстанаФото воронки в Майкаине, в которую упал автобус с людьми
Фото воронки в Майкаине, в которую упал автобус с людьми - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.02.2024
Жазылу
Майқайың шұңқырына құлаған тағы екі адам әлі табылған жоқ
АСТАНА, 7 ақпан – Sputnik. Автобус құлаған "Майқайыңалтын" АҚ кенішінің орнында құтқару жұмыстары қайта жанданды, деп хабарлайды Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
"Тау-кен жұмыстары тәулік бойы жүргізіліп, шұңқыр айналасына қоршау үшін қашау жүргізіледі, тау-кен инженерлік жұмыстарына дайындық жүргізілуде", - деп түсіндірді департаменттегілер.
Құтқарушылар мен кеніш иелері ауыр техниканың көмегімен бүйір траншеяларды кеңейтіп, опырылған жердің түбіне дейін аппарельді тереңдетіп жатыр.
Бұл жұмыстардың барлығын алтын өндіруші компания атқарады. Құтқарушылар да төтенше жағдай орнында жүр.
"Қазір опырылған жердің түбіне техниканың қауіпсіз өтуін дайындау мақсатында дайындық шаралары жүргізілуде. Бұған кәсіпорынның өзі жауапты. Осы жұмыстар аяқталғаннан кейін іздестіру-құтқару жұмыстары қайта жалғасады", - деді ведомство.
Еске салайық, Майқайың кеніші шахтасының маңында төрт жолаушысы бар автобус тазарту кеңістігіне құлап кеткен. Апат кезінде онда төрт адам болған. Дәл сол күні екеуінің денесі табылды. .
Жаңалықтар
0