Ертең бүкіл Қазақстан бойынша дабыл жүйесі іске қосылады

Сирена
Сирена - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.02.2024
Жазылу
Министрлік азаматтардан тыныштық сақтап, дүрбелең мен қауесетке бой алдырмауын сұрады
АЛМАТЫ, 7 ақпан - Sputnik. 8-9 ақпанда Қазақстанда су тасқыны кезінде төтенше жағдайды жоюға дайындық бойынша "Көктем-2024" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Жаттығу кезінде елдегі барлық сиреналар қосылады.
"Аумақтық деңгейдегі құлақтандыру жүйесінің дайындығын тексеру мақсатында 8 ақпан күні сағат 12.55 - те (Астана уақыты бойынша) барлық дыбыстық электр сиренасы іске қосылады", - делінген хабарламада.
Республикалық оқу-жаттығу штабы Ақтөбеде орналасады.
Министрлік азаматтардан тыныштық сақтап, дүрбелең мен қауесетке бой алдырмауды сұрады.
Бұған дейін елде жер сілкінісі кезінде төтенше жағдайлар министрлігі бөлімшелерінің әрекеттері бойынша қызметтік тергеу жүргізілетіні хабарланған болатын.
Сирена - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.01.2024
Алматыда дабыл неге қағылмады – ТЖД себебін түсіндірді
Жаңалықтар
0