https://sputnik.kz/20240207/dauren-abaev-maskeudegi-murazhaydy-aralady-42112601.html
Дәурен Абаев Мәскеудегі мұражайды аралады
Дәурен Абаев Мәскеудегі мұражайды аралады
Sputnik Қазақстан
Жеңіс мұражайы – соғыс тақырыбындағы әлемдегі ең ірі әскери-тарихи мұражайлардың бірі 07.02.2024, Sputnik Қазақстан
2024-02-07T09:14+0500
2024-02-07T09:14+0500
2024-02-07T09:14+0500
дәурен абаев
https://sputnik.kz/img/07e8/02/07/42110996_0:63:1200:738_1920x0_80_0_0_73619ff804c8b9c431b0cc02550e5169.jpg
АСТАНА, 7 ақпан – Sputnik. Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаев Мәскеудегі Поклонная тауындағы Жеңіс мұражайына барды, деп хабарлады елшіліктің баспасөз қызметі.Көрмені аралау және мұражай директоры Александр Школьникпен әңгімелесу барысында елші Ұлы Отан соғысы туралы естеліктерді сақтаудың маңыздылығын атап өтті.Сондай-ақ, бірлескен жобалар мен іс-шараларды жүзеге асыруға қатысты мәселелер талқыланды.Жеңіс мұражайы – Ұлы Отан соғысы және екінші дүниежүзілік соғыс тақырыбындағы Ресейдің басты әскери-тарихи мұражайы, әлемдегі ең ірі әскери-тарихи мұражайлардың бірі, бүкілресейлік ғылыми-зерттеу және мәдени-ағарту орталығы.Көрменің жалпы ауданы 14 000 шаршы метрден асады. Мұражай қорына 385 000-нан астам құнды зат кіреді. Ашық алаңда Еуропадағы ең ірі әскери техникалардың жиынтығы (400-ден астам экспонат) орналасқан.Даңқ залында Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерліктері үшін осы құрметті атаққа ие болған 11 800-ден астам Кеңес Одағы Батырының есімі 72 ақ мәрмәр пилонға жазылған. Олардың арасында біздің отандастарымыз: Талғат Бигелдинов, Қарсыбай Спатаев, Төлеген Тоқтаров және басқалар бар.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/02/07/42110996_67:0:1134:800_1920x0_80_0_0_982536afcd6a13a1230c71255775e905.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
дәурен абаев
Дәурен Абаев Мәскеудегі мұражайды аралады
Жеңіс мұражайы – соғыс тақырыбындағы әлемдегі ең ірі әскери-тарихи мұражайлардың бірі
АСТАНА, 7 ақпан – Sputnik. Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаев Мәскеудегі Поклонная тауындағы Жеңіс мұражайына барды, деп хабарлады елшіліктің баспасөз қызметі.
Көрмені аралау және мұражай директоры Александр Школьникпен әңгімелесу барысында елші Ұлы Отан соғысы туралы естеліктерді сақтаудың маңыздылығын атап өтті.
"Дәурен Абаев сол қасіретті оқиғалардың куәгерлері жылдан-жылға азайып бара жатқан қазіргі уақытта өскелең ұрпақты ортақ тарихты қастерлеу, ата-бабамыз өткен сынақтарды түсіну рухында тәрбиелеу басты міндет саналатынын айтты", - деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ, бірлескен жобалар мен іс-шараларды жүзеге асыруға қатысты мәселелер талқыланды.
Жеңіс мұражайы – Ұлы Отан соғысы және екінші дүниежүзілік соғыс тақырыбындағы Ресейдің басты әскери-тарихи мұражайы, әлемдегі ең ірі әскери-тарихи мұражайлардың бірі, бүкілресейлік ғылыми-зерттеу және мәдени-ағарту орталығы.
Көрменің жалпы ауданы 14 000 шаршы метрден асады. Мұражай қорына 385 000-нан астам құнды зат кіреді. Ашық алаңда Еуропадағы ең ірі әскери техникалардың жиынтығы (400-ден астам экспонат) орналасқан.
Даңқ залында Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерліктері үшін осы құрметті атаққа ие болған 11 800-ден астам Кеңес Одағы Батырының есімі 72 ақ мәрмәр пилонға жазылған. Олардың арасында біздің отандастарымыз: Талғат Бигелдинов, Қарсыбай Спатаев, Төлеген Тоқтаров және басқалар бар.