https://sputnik.kz/20240207/aqtobe-oblysynda-aqtutek-boranda-nandy-1300-tengeden-satqan-42108461.html
Ақтөбе облысында ақтүтек боранда нанды 1300 теңгеден сатқан
Ақтөбе облысында ақтүтек боранда нанды 1300 теңгеден сатқан
Sputnik Қазақстан
Ал жол бойындағы дәмханалар мен демалыс орындары ас атасын 160-185 теңгеден асырмаған 07.02.2024, Sputnik Қазақстан
2024-02-07T07:27+0500
2024-02-07T07:27+0500
2024-02-07T07:27+0500
ақтөбе облысы
боран
нан
https://sputnik.kz/img/424/61/4246115_0:103:1100:722_1920x0_80_0_0_3dbb63ce13a1d09b660317fe8515f64a.jpg
АСТАНА, 7 ақпан – Sputnik. Ақтөбе облысында ақтүтек боранда нан бағасын қымбаттатып пайда таппақ болған алыпсатарлар пайда болды.Қарабұтақ ауылы тұсында үш күн бойы тұрып қалған көлік жүргізушілері ауыл әкімінің келуін талап етті, деп хабарлады КТК.Самара - Шымкент тас жолының Хромтау қаласы мен Қобда ауылына дейінгі аумағында жүзге жуық көлік кептелісте қалыпты. Бораннан жолдың жабылуына байланысты не әрі, не бері қатынай алмай тұрған. Осы кезді пайдаланған пысықайлар бір бөлке нанды 1300 теңгеден саудалаған. Бірақ аудан басшылары жолда қалғандарға қымбат баға ұсынған кімдер екенін сол күйі анықтай алмады.Ал жол бойындағы дәмханалар мен демалыс орындары ас атасын 160-185 теңгеден асырмадық деп отыр. Олардан кінә жоқтығын жүргізушілер де растаған.Күре жолды қардан аршып отырғанымен, ұйытқыған боран қайта басып тастайды. Кептелісті сейілту үшін көліктерді топтап-топтап өткізіп жібермекші.Ал Ақтөбеден шығар тұста Өзбекстан азаматтары мінген алты автобус боранда қарға батып қалған. Жолаушылар арасында он бала бар. Оларға қажетті ас-су мен дәрі дәрмек жеткізіліп, шетелдіктер сапарын жалғастырыпты."Көбі өзбек елінің азаматтары, ішінде кәмелетке толмаған балалар бар. Полиция қызметкерлерімен бірлесіп, дәрі-дәрмек, азық-түлік жеткізіп бердік. Еріктілер, "Казсервис" мекемесінің қызметкерлері де көмектесті", - дейді Алматы ауданының әкімі Асланбек Сүйіншәлиев.
ақтөбе облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/424/61/4246115_0:0:1100:825_1920x0_80_0_0_e1cf59a854ce31b3248b9374e4ec6084.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақтөбе облысы, боран, нан
ақтөбе облысы, боран, нан
Ақтөбе облысында ақтүтек боранда нанды 1300 теңгеден сатқан
Ал жол бойындағы дәмханалар мен демалыс орындары ас атасын 160-185 теңгеден асырмаған
АСТАНА, 7 ақпан – Sputnik. Ақтөбе облысында ақтүтек боранда нан бағасын қымбаттатып пайда таппақ болған алыпсатарлар пайда болды.
Қарабұтақ ауылы тұсында үш күн бойы тұрып қалған көлік жүргізушілері ауыл әкімінің келуін талап етті, деп хабарлады
КТК.Самара - Шымкент тас жолының Хромтау қаласы мен Қобда ауылына дейінгі аумағында жүзге жуық көлік кептелісте қалыпты. Бораннан жолдың жабылуына байланысты не әрі, не бері қатынай алмай тұрған. Осы кезді пайдаланған пысықайлар бір бөлке нанды 1300 теңгеден саудалаған. Бірақ аудан басшылары жолда қалғандарға қымбат баға ұсынған кімдер екенін сол күйі анықтай алмады.
Ал жол бойындағы дәмханалар мен демалыс орындары ас атасын 160-185 теңгеден асырмадық деп отыр. Олардан кінә жоқтығын жүргізушілер де растаған.
Күре жолды қардан аршып отырғанымен, ұйытқыған боран қайта басып тастайды. Кептелісті сейілту үшін көліктерді топтап-топтап өткізіп жібермекші.
Ал Ақтөбеден шығар тұста Өзбекстан азаматтары мінген алты автобус боранда қарға батып қалған. Жолаушылар арасында он бала бар. Оларға қажетті ас-су мен дәрі дәрмек жеткізіліп, шетелдіктер сапарын жалғастырыпты.
"Көбі өзбек елінің азаматтары, ішінде кәмелетке толмаған балалар бар. Полиция қызметкерлерімен бірлесіп, дәрі-дәрмек, азық-түлік жеткізіп бердік. Еріктілер, "Казсервис" мекемесінің қызметкерлері де көмектесті", - дейді Алматы ауданының әкімі Асланбек Сүйіншәлиев.