2029 жылға қарай экономикамыздың көлемін 450 млрд долларға жеткізуіміз керек – Тоқаев

© PhotoРасширенное заседание правительства с новым премьером
Расширенное заседание правительства с новым премьером - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.02.2024
Жазылу
АСТАНА, 7 ақпан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында 2029 жылға қарай Қазақстан экономикасының көлемін 450 млрд долларға жеткізу міндетін қойды.
"Жалпы, өткен жылы экономикамыз 5,1 пайызға өсті. Ең бастысы, еліміздің даму қарқыны бәсеңдеген жоқ. Алдыңғы үкімет осы бағытта біраз жұмыс істеді. Кеше мен бұрынғы премьер-министр Әлихан Смайыловқа алғысымды білдірдім. Бірақ қазір жайбарақат отыруға болмайды, себебі алдымызда ауқымды жұмыс тұр", - деді Тоқаев.
Оның айтуынша, үкіметтің жұмысына жаңа серпін беру қажет.
"Негізгі мақсат – баршаңызға белгілі. Біз 2029 жылға қарай экономикамыздың көлемін 450 миллиард долларға жеткізуіміз керек. Яғни, нақты меже бар. Енді тек жұмыс істеу қажет. Бұл – еліміздің жалпы ішкі өнімі жыл сайын кемінде 6 пайызға өсуі керек деген сөз", - деп толықтырды президент.
Сондай-ақ ол макроэкономикалық көрсеткіштермен қатар халықтың нақты табысы да қарқынды түрде артуы керек екенін атап өтті.
"Бұл – өте маңызды міндет. Бір сөзбен айтқанда, бізге шын мәнінде сапалы даму қажет. Сондықтан әрбір қадамды жан-жақты, мұқият ойластырып, батыл әрекет ету керек", - деп түйіндеді мемлекет басшысы.
Жаңалықтар
0