Жыл басынан бері 31 мың адам отбасының цифрлық картасы арқылы қызмет алды

Детские руки
Детские руки - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.02.2024
Жазылу
Нәтижесінде 31 мың адам өтініш бермей-ақ жәрдемақы алды
АЛМАТЫ, 6 ақпан – Sputnik. Отбасының цифрлық картасы арқылы биыл жыл басынан бері 78 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызметтерді проактивті көрсету үшін SMS-хабарлама жолданды, деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Нәтижесінде 31 мың адам өтініш бермей-ақ жәрдемақы немесе төлем алды.
Отбасының цифрлық картасында Қазақстанның 20 млн азаматы немесе 6 миллионнан астам отбасы туралы ақпарат жинақталған.
Отбасының цифрлық картасын енгізудің басты мақсаты – қазақстандықтардың мемлекеттік қолдау жүйесіне тең қолжетімділігін қамтамасыз ету. Сондай-ақ отбасының цифрлық картасы азаматтардың әлеуметтік мәртебесіне байланысты кепілдендірілген мемлекеттік қолдаудың қандай да бір түрін алуға құқықтары туралы күнделікті "электрондық хабарлама".
Қазіргі уақытта қазақстандықтар отбасының цифрлық картасы арқылы қандай да бір өтініштерсіз жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдердің 10 түрін ресімдеуге мүмкіндік береді.
Жаңалықтар
0