https://sputnik.kz/20240206/ukrainada-mobilizatsiyalau-turaly-balama-zandardy-usynu-merzimi-qysqartyldy-42103249.html
Украинада мобилизациялау туралы балама заңдарды ұсыну мерзімі қысқартылды
Украинада мобилизациялау туралы балама заңдарды ұсыну мерзімі қысқартылды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 6 ақпан – Sputnik. Украина парламенті мобилизациялау туралы балама заң жобаларын ұсыну мерзімін қысқартты, бұл құжатты осы аптада бірінші оқылымда... 06.02.2024, Sputnik Қазақстан
2024-02-06T20:13+0500
2024-02-06T20:13+0500
2024-02-06T20:13+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
украина
https://sputnik.kz/img/07e6/02/18/23047782_0:92:3071:1819_1920x0_80_0_0_40085fa44ffcd366f8d576a294375a50.jpg
АСТАНА, 6 ақпан – Sputnik. Украина парламенті мобилизациялау туралы балама заң жобаларын ұсыну мерзімін қысқартты, бұл құжатты осы аптада бірінші оқылымда қарауға шығаруға мүмкіндік береді. Бұл туралы Жоғарғы раданың депутаты Ярослав Железняк өзінің Telegram-арнасында жазды, деп хабарлады РИА Новости.Бұған дейін украиналық парламентарий Ирина Геращенко сәрсенбі күні Рада мобилизация туралы жаңа заң жобасын бірінші оқылымда қарайтынын айтты.Министрлер кабинеті дайындаған мобилизациялау туралы жаңа заң жобасы 30 қаңтарда Жоғарғы радаға ұсынылды. Украиналық БАҚ мобилизациялау ережелері туралы жаңа жобаға сәйкес, Украинада әскери міндетке тартуға жататындар 60 күн ішінде өздерінің тіркеу деректерін нақтылау үшін әскери комиссариаттарға келуге тиіс екенін хабарлады. Сонымен қатар, Украина қорғаныс министрлігі хабарлағандай, жоба мүгедектерді әскерге келуге міндеттемейді және әскери комиссариаттың рұқсатынсыз көшу құқығын өзгеріссіз қалдырады. Ведомство жариялаған мәліметтерге сүйенсек, заң жобасында әскери жағдай кезінде майданға жұмылдырылғандардың қызмет ету мерзімі нақты белгіленген, бірақ мерзімнің ұзақтығы көрсетілмеген.
украина
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/02/18/23047782_99:0:2830:2048_1920x0_80_0_0_d3a3cd1750684169ca687abda90e5edb.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
украина
Украинада мобилизациялау туралы балама заңдарды ұсыну мерзімі қысқартылды
АСТАНА, 6 ақпан – Sputnik. Украина парламенті мобилизациялау туралы балама заң жобаларын ұсыну мерзімін қысқартты, бұл құжатты осы аптада бірінші оқылымда қарауға шығаруға мүмкіндік береді. Бұл туралы Жоғарғы раданың депутаты Ярослав Железняк өзінің Telegram-арнасында жазды, деп хабарлады РИА Новости.
Бұған дейін украиналық парламентарий Ирина Геращенко сәрсенбі күні Рада мобилизация туралы жаңа заң жобасын бірінші оқылымда қарайтынын айтты.
"Парламент мобилизациялауды күшейту туралы заң жобасына балама ұсыну мерзімін қысқартты. 237 депутат қолдап дауыс берді. Бұл техникалық мәселе болғанымен, мерзімі маңызды. Бұл заң жобасын осы аптада комитетте қарауға және бірінші оқылымға шығаруға жол ашады", - деп жазды Железняк.
Министрлер кабинеті дайындаған мобилизациялау туралы жаңа заң жобасы 30 қаңтарда Жоғарғы радаға ұсынылды. Украиналық БАҚ мобилизациялау ережелері туралы жаңа жобаға сәйкес, Украинада әскери міндетке тартуға жататындар 60 күн ішінде өздерінің тіркеу деректерін нақтылау үшін әскери комиссариаттарға келуге тиіс екенін хабарлады. Сонымен қатар, Украина қорғаныс министрлігі хабарлағандай, жоба мүгедектерді әскерге келуге міндеттемейді және әскери комиссариаттың рұқсатынсыз көшу құқығын өзгеріссіз қалдырады. Ведомство жариялаған мәліметтерге сүйенсек, заң жобасында әскери жағдай кезінде майданға жұмылдырылғандардың қызмет ету мерзімі нақты белгіленген, бірақ мерзімнің ұзақтығы көрсетілмеген.