https://sputnik.kz/20240206/ukimet-shagyn-bizneske-900-mlrd-tenge-koleminde-komek-korsetedi-42052302.html
Үкімет шағын бизнеске 900 млрд теңге көлемінде көмек көрсетеді
Үкімет шағын бизнеске 900 млрд теңге көлемінде көмек көрсетеді
Sputnik Қазақстан
Үкімет инвестициялық ахуалды жақсарту және кәсіпкерлікті дамыту бойынша кешенді жұмысты жалғастырып жатыр 06.02.2024, Sputnik Қазақстан
2024-02-06T07:02+0500
2024-02-06T07:02+0500
2024-02-06T07:02+0500
шағын және орта бизнес
үкімет
https://sputnik.kz/img/07e8/02/05/42051251_0:0:1439:809_1920x0_80_0_0_aaabf75a651dc11fb1c25d3f302cb836.jpg
АСТАНА, 6 ақпан – Sputnik. Үкімет биыл шағын және орта бизнестің банктік кредитін 900 млрд теңгеден астам сомаға субсидиялап, кепілдендіреді, деп хабарлады премьер-министрдің баспасөз қызметі.Мемлекет қабылдаған шаралардың арқасында шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылғандар саны 10%-ға артып, 4,3 млн адамға жетті.Бизнес жүргізу шарттары айтарлықтай жеңілдетілді. Мысалы, 10 мыңнан астам артық талап алынып тасталды. Тәуекелдерді басқару жүйелерін автоматтандыру нәтижесінде 1 қаңтардан бастап адам қатысуынсыз тексерулер тағайындалып жатыр. Бұл шара тексерулер санын 2 есе азайтады.Сонымен қатар мемлекет бизнесті қаржылай қолдау шараларын жүзеге асыруда. Атап айтқанда, биыл 900 млрд теңгеден астам сомаға ШОБ-тың банктік несиелерін субсидиялау және кепілдендіру жоспарланып отыр.Одан бөлек облигациялар мен бірлестірілген несиелер арқылы қаржыландыру құралдары кеңінен қолданылады.Әкімшілендірудің сервистік моделін енгізуді көздейтін жаңа Салық кодексі бойынша жұмыс жалғасуда. Нәтижесінде салық міндеттемелерін орындау процесі айтарлықтай жеңілдемек. Жалпы салықтар мен басқа да төлемдер саны 20%-ға, ал салық есебі нысандарының саны 30%-ға қысқарады. Бұл ретте өңдеу өнеркәсібіндегі жаңа жобалар 3 жылға салық төлеуден босатылады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/02/05/42051251_179:0:1258:809_1920x0_80_0_0_0dfe729c747ed07cf449f1915b05f0e1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шағын және орта бизнес, үкімет
шағын және орта бизнес, үкімет
Үкімет шағын бизнеске 900 млрд теңге көлемінде көмек көрсетеді
Үкімет инвестициялық ахуалды жақсарту және кәсіпкерлікті дамыту бойынша кешенді жұмысты жалғастырып жатыр
АСТАНА, 6 ақпан – Sputnik. Үкімет биыл шағын және орта бизнестің банктік кредитін 900 млрд теңгеден астам сомаға субсидиялап, кепілдендіреді, деп хабарлады премьер-министрдің баспасөз қызметі.
Мемлекет қабылдаған шаралардың арқасында шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылғандар саны 10%-ға артып, 4,3 млн адамға жетті.
"Бұл еліміздегі еңбекке қабілетті азаматтарының 45%-ы. Өткен жылдың 9 айында Қазақстанның Жалпы ішкі өніміндегі шағын және орта бизнестің үлесі 36,5%-ға дейін өсті", - деп жазылған хабарламада.
Бизнес жүргізу шарттары айтарлықтай жеңілдетілді. Мысалы, 10 мыңнан астам артық талап алынып тасталды. Тәуекелдерді басқару жүйелерін автоматтандыру нәтижесінде 1 қаңтардан бастап адам қатысуынсыз тексерулер тағайындалып жатыр. Бұл шара тексерулер санын 2 есе азайтады.
Сонымен қатар мемлекет бизнесті қаржылай қолдау шараларын жүзеге асыруда. Атап айтқанда, биыл 900 млрд теңгеден астам сомаға ШОБ-тың банктік несиелерін субсидиялау және кепілдендіру жоспарланып отыр.
"Субсидиялаудан кепілдік беру құралдарына және өзге де қаржылық емес қолдау шараларына біртіндеп көшу көзделеді", - деп мәлімдеді үкімет.
Одан бөлек облигациялар мен бірлестірілген несиелер арқылы қаржыландыру құралдары кеңінен қолданылады.
Әкімшілендірудің сервистік моделін енгізуді көздейтін жаңа Салық кодексі бойынша жұмыс жалғасуда. Нәтижесінде салық міндеттемелерін орындау процесі айтарлықтай жеңілдемек. Жалпы салықтар мен басқа да төлемдер саны 20%-ға, ал салық есебі нысандарының саны 30%-ға қысқарады. Бұл ретте өңдеу өнеркәсібіндегі жаңа жобалар 3 жылға салық төлеуден босатылады.