https://sputnik.kz/20240206/ukimet-otstavkaga-ketti-sarapshylar-smayylovtyn-zhumysyna-baga-berdi-42080048.html
Үкімет отставкаға кетті: сарапшылар Смайыловтың жұмысына баға берді
Үкімет отставкаға кетті: сарапшылар Смайыловтың жұмысына баға берді
Sputnik Қазақстан
Президенттің жарлығымен Әлихан Смайылов бастаған үкімет отставкаға кетті. Премьер қызметін уақытша Роман Скляр атқарады 06.02.2024, Sputnik Қазақстан
2024-02-06T10:12+0500
2024-02-06T10:12+0500
2024-02-06T10:12+0500
саясат
әлихан смайылов
сарапшы
https://sputnik.kz/img/07e7/08/16/37840337_0:0:1281:720_1920x0_80_0_0_6054af664d0976ae7d8d624e0a716679.jpg
АСТАНА, 6 ақпан – Sputnik. Сарапшылар министрлер кабинетінің жұмысына қандай баға береді? Үкіметті екі жыл басқарған Смайылов халықтың үмітін ақтай алды ма? Үкіметтің құрамы жаңармаса, ел экономикасын не күтіп тұр? Толығырақ Sputnik Қазақстан материалынан оқыңыз."Үкімет мақтанып айтатын бірде-бір көрсеткіш жоқ"Сарапшылар Әлихан Смайылов басқарған үкіметтің жұмысын сынға алды. Айтуынша, екі жыл ішінде министрлер кабинеті алдына қойған міндеттерді орындай алмады. Экономикада маңызды өзгерістер жасалған жоқ, жұмыссыздық өсті, халықтың тұрмысы нашарлап барады, инфляция ырық бермей тұр. Үкімет мақтанып айтатын бірде-бір көрсеткіш жоқ.Оның пікірінше, егер үкіметтің қазіргі құрамы одан әрі қызметін жалғастырса, Қазақстан одан сайын құлдырайды."Әлихан Смайыловтан ештеңе күтудің қажеті жоқ. Президент мұны неге түсінбейтінін білмеймін. Сол себепті егер осы үкімет билік басында қалса, еліміз құлдырай береді, бірде-бір салада жақсы өзгеріс болмайды", - деген болжам жасады экономист.Белгілі экономист Сапарбай Жобаев та әріптесінің сөзімен келісті. Үкіметтің жұмысына оның да көңілі толмайды. Себебі президент жариялаған бастамалар созбалаңға салынып, орындалмай келеді."2019 жылы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан сайланғанда, 1 қыркүйекте жолдаған жолдауында үлкен өзгерістерге жол ашатын бастамаларды жария етті. Сол кезде байлар мен дәулетті компанияларға прогрессивті салық салу туралы тапсырма берген еді. Міне, осы міндет бүгінге дейін орындалмай созылып келеді. Мұны үкіметтің селқостығы дейміз бе, әлде билікте кедергіге тап болып жатыр ма, оны нақты айта алмаймын. Назардан тыс қалған тағы бір мәселе – бюджет. Мен өзім қаржыгер болғандықтан, осы саланы бақылап отырамын. Биліктегі жемқорлықтың бәрі бюджетті бөлу кезінде жасалатынын білесіздер. Бюджетті қалыптастыру және орындау кезінде бірізділік жоқ сияқты. Бізде бюджетті экономика министрлігі қалыптастырады, ал қаржы министрлігі орындайды. Осы тұста ренішіңді кімге айтарыңды білмейсің. Қаржы министрлігіне шағымдансаң, мұны экономика министрлігі жоспарлаған деп қолды бір сілтейді, экономика министрлігіне жүгінсең, қаржыға итереді. Сөйтіп екеуі де жауапкершіліктен құтылып кетеді", - дейді Жобаев.Түйіні тарқамаған тағы бір түйіткіл – Ұлттық қордағы қаражат. Сарапшының айтуынша, Ұлттық қорға қол салмау жайлы Назарбаевтың тұсында да, Тоқаевтың кезінде де талай рет айтылды. Алайда еш нәтиже жоқ. Үкімет Ұлттық қордан ақша алуды тоқтатар емес. Керісінше, болашақ ұрпақ игілігіне арналған қордан бөлінетін қаржы сомасы ұлғайып барады. Ал бұл жақсы нәрсе емес, дейді экономист.Премьер президентке тәуелді болмауы керекСарапшы Айдар Әлібаевтың айтуынша, үкімет басшылығына өмір бойы кабинеттен ұзап шықпаған, статистика, цифрмен ғана айналысқан адам қажет емес. Премьер-министр, ең алдымен, елдің шаруашылық-экономикалық өмірінен хабардар, өндірісті білетін мықты шаруа адамы болуы керек.Оның пікірінше, министрлер кабинетін азаматтық қоғамның өкілдерінен жасақтау керек. Азаматтық секторда министр лауазымына лайықты, білікті, білімді, адал әрі таза адамдар жетерлік."Өкінішке қарай, азаматтық қоғамның өкілдеріне үкіметке жол жабық. Кландар үкіметке өздеріне ыңғайлы адамдарды ғана тартады. Сол себепті үкімет отставкаға кетсе, Тоқаев орнына кімді қояды деген өте маңызды сұрақ туады. Қазір мемлекеттік қызметте жүргендердің арасынан мына адам премьер-министр болуға лайық деп өз басым ешкімді атай алмаймын", - дейді Әлібаев.Жаңа үкімет қашан құрыладыЖаңа премьер-министрдің есімі 6 ақпанда белгілі болады.Ақорда хабарлағандай, бүгін сағат 15:00-де президент Қасым-Жомарт Тоқаев парламент мәжілісінің пленарлық отырысына қатысады. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес депутаттардың келісімін алу үшін жаңа премьер-министрдің кандидатурасы ұсынылады.Жаңа премьердің кандидатурасын Тоқаевқа "Amanat" партиясы ұсынады.Естеріңізге сала кетейік, 5 ақпанда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметті отставкаға жіберу туралы жарлыққа қол қойды. Премьер-министр міндетін уақытша Роман Скляр атқарады. Үкімет мүшелері үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаруды жалғастыра береді.Айта кетері, Әлихан Смайылов премьер-министр қызметін 2 жыл 1 ай атқарды.7 ақпанда Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді. Жиында еліміздің 2023 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланып, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер айқындалады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Нұргүл Абай
https://sputnik.kz/img/07e6/02/01/22341490_0:0:1056:1056_100x100_80_0_0_b6439d5f42bb76de26037282ce5a81f3.jpg
Нұргүл Абай
https://sputnik.kz/img/07e6/02/01/22341490_0:0:1056:1056_100x100_80_0_0_b6439d5f42bb76de26037282ce5a81f3.jpg
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/08/16/37840337_159:0:1119:720_1920x0_80_0_0_77127e790f872d1fe306098a425185df.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Нұргүл Абай
https://sputnik.kz/img/07e6/02/01/22341490_0:0:1056:1056_100x100_80_0_0_b6439d5f42bb76de26037282ce5a81f3.jpg
әлихан смайылов, сарапшы
Үкімет отставкаға кетті: сарапшылар Смайыловтың жұмысына баға берді
Нұргүл Абай
тілші-редактор
Президенттің жарлығымен Әлихан Смайылов бастаған үкімет отставкаға кетті. Премьер қызметін уақытша Роман Скляр атқарады
АСТАНА, 6 ақпан – Sputnik. Сарапшылар министрлер кабинетінің жұмысына қандай баға береді? Үкіметті екі жыл басқарған Смайылов халықтың үмітін ақтай алды ма? Үкіметтің құрамы жаңармаса, ел экономикасын не күтіп тұр? Толығырақ
Sputnik Қазақстан материалынан оқыңыз.
"Үкімет мақтанып айтатын бірде-бір көрсеткіш жоқ"
Сарапшылар Әлихан Смайылов басқарған үкіметтің жұмысын сынға алды. Айтуынша, екі жыл ішінде министрлер кабинеті алдына қойған міндеттерді орындай алмады. Экономикада маңызды өзгерістер жасалған жоқ, жұмыссыздық өсті, халықтың тұрмысы нашарлап барады, инфляция ырық бермей тұр. Үкімет мақтанып айтатын бірде-бір көрсеткіш жоқ.
"Премьер Смайылов та, оның орынбасарлары да, министрлер де өз орнында қалуға лайықты емес. Мен осы үкіметтің атқарған жұмысына мектептегі бес балдық шкаламен "1" деген баға берер едім. Мұндай үкімет жүз пайыз толық құраммен баяғыда-ақ отставкаға кетуі керек еді. Ал жаңадан жасақталатын үкіметке осы құрамнан бірде-бір министр қайтып келмеуге тиіс. Бұған қоса, бүкіл өңір әкімін де отставкаға жіберу керек. Менің жеке пікірім осындай", - дейді саясаткер және экономист Айдар Әлібаев.
Оның пікірінше, егер үкіметтің қазіргі құрамы одан әрі қызметін жалғастырса, Қазақстан одан сайын құлдырайды.
"Әлихан Смайыловтан ештеңе күтудің қажеті жоқ. Президент мұны неге түсінбейтінін білмеймін. Сол себепті егер осы үкімет билік басында қалса, еліміз құлдырай береді, бірде-бір салада жақсы өзгеріс болмайды", - деген болжам жасады экономист.
Белгілі экономист Сапарбай Жобаев та әріптесінің сөзімен келісті. Үкіметтің жұмысына оның да көңілі толмайды. Себебі президент жариялаған бастамалар созбалаңға салынып, орындалмай келеді.
"2019 жылы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан сайланғанда, 1 қыркүйекте жолдаған жолдауында үлкен өзгерістерге жол ашатын бастамаларды жария етті. Сол кезде байлар мен дәулетті компанияларға прогрессивті салық салу туралы тапсырма берген еді. Міне, осы міндет бүгінге дейін орындалмай созылып келеді. Мұны үкіметтің селқостығы дейміз бе, әлде билікте кедергіге тап болып жатыр ма, оны нақты айта алмаймын. Назардан тыс қалған тағы бір мәселе – бюджет. Мен өзім қаржыгер болғандықтан, осы саланы бақылап отырамын. Биліктегі жемқорлықтың бәрі бюджетті бөлу кезінде жасалатынын білесіздер. Бюджетті қалыптастыру және орындау кезінде бірізділік жоқ сияқты. Бізде бюджетті экономика министрлігі қалыптастырады, ал қаржы министрлігі орындайды. Осы тұста ренішіңді кімге айтарыңды білмейсің. Қаржы министрлігіне шағымдансаң, мұны экономика министрлігі жоспарлаған деп қолды бір сілтейді, экономика министрлігіне жүгінсең, қаржыға итереді. Сөйтіп екеуі де жауапкершіліктен құтылып кетеді", - дейді Жобаев.
Түйіні тарқамаған тағы бір түйіткіл – Ұлттық қордағы қаражат. Сарапшының айтуынша, Ұлттық қорға қол салмау жайлы Назарбаевтың тұсында да, Тоқаевтың кезінде де талай рет айтылды. Алайда еш нәтиже жоқ. Үкімет Ұлттық қордан ақша алуды тоқтатар емес. Керісінше, болашақ ұрпақ игілігіне арналған қордан бөлінетін қаржы сомасы ұлғайып барады. Ал бұл жақсы нәрсе емес, дейді экономист.
Премьер президентке тәуелді болмауы керек
Сарапшы Айдар Әлібаевтың айтуынша, үкімет басшылығына өмір бойы кабинеттен ұзап шықпаған, статистика, цифрмен ғана айналысқан адам қажет емес. Премьер-министр, ең алдымен, елдің шаруашылық-экономикалық өмірінен хабардар, өндірісті білетін мықты шаруа адамы болуы керек.
"Екіншіден, ол президентке тәуелді болмауға тиіс. Президент сыртқы саясат, қорғаныс секілді ірі мәселелермен айналысады. Ал елдің ішкі мәселелері премьер-министрге жүктелген. Оның осы міндеттерді атқаратын үлкен аппараты бар. Премьер-министр тәуелсіз ғана емес, бастамашыл да болуы керек. Президент оған емес, ол президентке ұсыныс айтып, бастама көтеруі қажет. Ал бізде, өкінішке қарай, премьердің қолынан ештеңе келмейді, жоғарыдан тапсырма түспесе, түк тындырмайды. Үкімет отырысында премьерге қарсы шығып, "жоқ, мен сізбен келіспеймін" деген министрді көргендеріңіз бар ма? Жоқ. Өз пікірі мен көзқарасы жоқ министрлер кімге керек?", - деп қынжылды саясаткер.
Оның пікірінше, министрлер кабинетін азаматтық қоғамның өкілдерінен жасақтау керек. Азаматтық секторда министр лауазымына лайықты, білікті, білімді, адал әрі таза адамдар жетерлік.
"Өкінішке қарай, азаматтық қоғамның өкілдеріне үкіметке жол жабық. Кландар үкіметке өздеріне ыңғайлы адамдарды ғана тартады. Сол себепті үкімет отставкаға кетсе, Тоқаев орнына кімді қояды деген өте маңызды сұрақ туады. Қазір мемлекеттік қызметте жүргендердің арасынан мына адам премьер-министр болуға лайық деп өз басым ешкімді атай алмаймын", - дейді Әлібаев.
Жаңа үкімет қашан құрылады
Жаңа премьер-министрдің есімі 6 ақпанда белгілі болады.
Ақорда хабарлағандай, бүгін сағат 15:00-де президент Қасым-Жомарт Тоқаев парламент мәжілісінің пленарлық отырысына қатысады. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес депутаттардың келісімін алу үшін жаңа премьер-министрдің кандидатурасы ұсынылады.
Жаңа премьердің кандидатурасын Тоқаевқа "Amanat" партиясы ұсынады.
Естеріңізге сала кетейік, 5 ақпанда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметті отставкаға жіберу туралы жарлыққа қол қойды. Премьер-министр міндетін уақытша Роман Скляр атқарады. Үкімет мүшелері үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаруды жалғастыра береді.
Айта кетері, Әлихан Смайылов премьер-министр қызметін 2 жыл 1 ай атқарды.
7 ақпанда Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді. Жиында еліміздің 2023 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланып, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер айқындалады.