https://sputnik.kz/20240206/toqaev-mazhiliste-zhana-premer-ministrdin-kandidaturasyn-usynady-42075909.html
Тоқаев мәжілісте жаңа премьер-министрдің кандидатурасын ұсынады
Тоқаев мәжілісте жаңа премьер-министрдің кандидатурасын ұсынады
Sputnik Қазақстан
Мәжілістің пленарлық отырысы бүгін түстен кейін өтеді 06.02.2024, Sputnik Қазақстан
2024-02-06T09:06+0500
2024-02-06T09:06+0500
2024-02-06T09:12+0500
саясат
қасым-жомарт тоқаев
премьер-министр
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/04/39028910_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_7b0548ddc09d897c946c4b17e49dbe04.jpg
АСТАНА, 6 ақпан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін мәжіліс депутаттарына жаңа премьер-министрдің кандидатурасын ұсынады, деп хабарлайды Ақорда.Бұған дейін президенттің кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Берік Уәли Amanat партиясы жаңа премьер-министрдің кандидатурасын ұсынатынын айтты.Қасым-Жомарт Тоқаев биліктегі саяси партия ұсынған кандидатураны қарайды. Мақұлданған жағдайда президент премьер-министрдің кандидатурасын оның келісіміне сәйкес парламент мәжілісіне қарауға жібереді. Мәжіліс келіссе, Тоқаев жаңа премьер-министрді тағайындайды. Одан кейін үкіметті жасақтау басталады.Естеріңізге сала кетейік, 5 ақпан күні мемлекет басшысы Қазақстан үкіметін отставкаға жіберді. Роман Скляр премьер-министрдің уақытша міндетін атқарушы болды.Айта кетері, 7 ақпан күні Тоқаевтың төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді. Жиында еліміздің 2023 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланып, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер айқындалады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/04/39028910_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_0af0c8cf9fadfe43181a50b9cbe7ad0c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, премьер-министр
қасым-жомарт тоқаев, премьер-министр
Тоқаев мәжілісте жаңа премьер-министрдің кандидатурасын ұсынады
09:06 06.02.2024 (жаңартылды: 09:12 06.02.2024) Мәжілістің пленарлық отырысы бүгін түстен кейін өтеді
АСТАНА, 6 ақпан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін мәжіліс депутаттарына жаңа премьер-министрдің кандидатурасын ұсынады, деп хабарлайды Ақорда.
"Бүгін сағат 15:00-де президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент мәжілісінің пленарлық отырысына қатысады. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес депутаттардың келісімін алу үшін жаңа премьер-министрдің кандидатурасы ұсынылады", - делінген хабарламада.
Бұған дейін президенттің кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Берік Уәли Amanat партиясы жаңа премьер-министрдің кандидатурасын ұсынатынын айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев биліктегі саяси партия ұсынған кандидатураны қарайды. Мақұлданған жағдайда президент премьер-министрдің кандидатурасын оның келісіміне сәйкес парламент мәжілісіне қарауға жібереді. Мәжіліс келіссе, Тоқаев жаңа премьер-министрді тағайындайды. Одан кейін үкіметті жасақтау басталады.
Естеріңізге сала кетейік, 5 ақпан күні мемлекет басшысы Қазақстан үкіметін отставкаға жіберді. Роман Скляр премьер-министрдің уақытша міндетін атқарушы болды.
Айта кетері, 7 ақпан күні Тоқаевтың төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді. Жиында еліміздің 2023 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланып, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер айқындалады.