https://sputnik.kz/20240206/saryagashta-oqushylar-men-mugalimder-zhappay-ulandy-42076114.html
Сарыағашта оқушылар мен мұғалімдер жаппай уланды
Сарыағашта оқушылар мен мұғалімдер жаппай уланды
Sputnik Қазақстан
Барлық оқушы үш күнге қашықтан оқыту форматына ауыстырылды 06.02.2024, Sputnik Қазақстан
2024-02-06T09:29+0500
2024-02-06T09:29+0500
2024-02-06T09:29+0500
сарыағаш
https://sputnik.kz/img/1274/80/12748017_0:0:2000:1125_1920x0_80_0_0_a27321b277a8180112e9b41dd89de3cf.jpg
АСТАНА, 6 ақпан – Sputnik. Түркістан облысында бір мектепте 29 оқушы мен 10 мұғалім уланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Otyrar.kz порталына сілтеме жасап.Облыстық білім беру басқармасы таратқан мәліметке сәйкес, кеше 9-шы мектепте оқушылар мен мұғалімдер өзін жайсыз сезінген. Мектептің медбикесі шұғыл жедел жәрдем шақырған. Дәрігерлер 29 бала мен 10 педагогты ауруханаға алып кетті.Барлық оқушы үш күнге қашықтан оқыту форматына ауыстырылды. Аудандық прокуратура тексерісті бастап кетті. Мектеп директоры мен оның орынбасарларына қатысты тиісті шаралар қабылданады.Бұған дейін әлеуметтік желіде дәл сол мектепте түсірілген видео тарады. Оқушылар екінші және үшінші қабатта терезе жуып жүр. Ал мұғалімдер ішін бояп жатқан. Олардың арасында жүкті әйелдер де болды.
сарыағаш
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1274/80/12748017_160:0:1937:1333_1920x0_80_0_0_19f685fa10a276302e57f1e4e9744ffd.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сарыағаш
Сарыағашта оқушылар мен мұғалімдер жаппай уланды
Барлық оқушы үш күнге қашықтан оқыту форматына ауыстырылды
АСТАНА, 6 ақпан – Sputnik. Түркістан облысында бір мектепте 29 оқушы мен 10 мұғалім уланды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан Otyrar.kz порталына
сілтеме жасап.
Облыстық білім беру басқармасы таратқан мәліметке сәйкес, кеше 9-шы мектепте оқушылар мен мұғалімдер өзін жайсыз сезінген. Мектептің медбикесі шұғыл жедел жәрдем шақырған. Дәрігерлер 29 бала мен 10 педагогты ауруханаға алып кетті.
"Олардың жағдайы жақсарғаннан кейін үйіне жіберілді. Қазіргі кезде 2 мұғалім ауруханада дәрігерлердің бақылауында қалып отыр", - делінген ресми хабарламада.
Барлық оқушы үш күнге қашықтан оқыту форматына ауыстырылды. Аудандық прокуратура тексерісті бастап кетті. Мектеп директоры мен оның орынбасарларына қатысты тиісті шаралар қабылданады.
Бұған дейін әлеуметтік желіде дәл сол мектепте түсірілген видео тарады. Оқушылар екінші және үшінші қабатта терезе жуып жүр. Ал мұғалімдер ішін бояп жатқан. Олардың арасында жүкті әйелдер де болды.