Роман Скляр премьер-министрдің бірінші орынбасары қызметіне қайта тағайындалды

© Sputnik / Санат ИмангалиевЗаседание правительства
Заседание правительства - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.02.2024
Жазылу
Ол осылайша бұрынғы орнын сақтап қалды
АСТАНА, 6 ақпан — Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Роман Склярды премьер-министрдің бірінші орынбасары қызметіне қайта тағайындалды. Ол бұған дейін де осы қызметін атқарған еді.
Ол 1971 жылғы 8 мамырда Павлодар қаласында дүниеге келген.
Павлодар мемлекеттік университетін "Инженер-құрылысшы" мамандығы бойынша, сондай-ақ Мәскеу қазіргі заман бизнес институтын "Экономист" мамандығы бойынша және Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын "Заңгер" мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1989 жылы "Экибастузуглеавтоматика" монтаждау-жөндеу басқармасында слесарь-монтажшы қызметінен бастаған.
1989–1990 жылдары "Казпромтехмонтаж" шаруашылық-монтаждау басқармасының монтаждаушысы болды.
1990 жылдан бастап Павлодар қаласындағы "Вахинвест" бірлескен кеңес-батыс-герман кәсіпорнының қауіпсіздік жөніндегі инженері болды.

Еңбек жолы

1990–1999 жылдары – "Ансат-Павлодар" ЖШС коммерциялық бөлімінің бастығы, директордың орынбасары, бас директор;
1999–2002 жылдары – Павлодар қаласындағы "Тыныс" ЖШС директоры;
2002–2003 жылдары – Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің дәрменсіз қарызгерлермен жұмыс комитеті Павлодар облысы бойынша басқармасының бөлім бастығы;
2003–2005 жылдары –Павлодар қаласы мемлекеттік сатып алу басқармасының бастығы;
2005жылдың қантардан бастап –Павлодар облысы әкімінің бас инспекторы;
2005 жылы сәуірден бастап –Павлодар облысының әкімі аппаратының басшысы;
2006 жылдан бастап – Павлодар қаласы әкімінің орынбасары;.
2006–2007 жылдары – Астана қаласының әкімі аппаратының инфрақұрылымды дамыту бөлімінің меңгерушісі;
2007–2008 жылдары – Астана қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық департаментінің директоры;
2008–2010 жылдары – Павлодар облысы әкімінің орынбасары;
2010–2011 жылдары – Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары;
2011–2013 жылдары –Қазақстан Республикасының көлік және коммуникация вице-министрі;
2014–2016 жылдары – "Қазақстан Темір Жолы" АҚ вице-президенті;
2016 жылы –мәжіліс депутаты, парламент мәжілісінің экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы;
2016 жылы мамырдан бастап – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі;
2016–2019 жылдары — инвестициялар және даму бірінші вице-министрі;
2019 жылғы ақпаннан бастап – индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі;
2019 жылғы 18 қыркүйектен бастап – президент жарлығымен премьер-министрдің орынбасары;
2022 жылғы 11 қаңтарда – премьер-министрдің бірінші орынбасары.
Еске сала ктеейік, 6 ақпанда Антикордың бұрынғы басшысы Олжас Бектенов Әлихан Смайыловтың орнына премьер-министр болды. Бектеновтің кандидатурасын Amanat партиясы ұсынды. Президент бұл таңдауды құптады, сөйтіп депутаттардың келісімін алу үшін Бектеновтің кандидатурасын мәжілістің қарауына енгізді. Төменгі палатаның 69 депутаты қолдап дауыс берсе, жетеуі қалыс қалды.
Жаңалықтар
0