Ресей премьері Бектеновті жаңа қызметке тағайындалуымен құттықтады

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаПрезидент Казахстана встретился с премьер-министрами Беларуси, Кыргызстана и России
Президент Казахстана встретился с премьер-министрами Беларуси, Кыргызстана и России  - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.02.2024
Жазылу
РФ үкімет басшысы Қазақстан жаңа премьер-министрі Олжас Бектеновпен телефон арқылы сөйлесті
АСТАНА, 6 ақпан – Sputnik. Ресей Федерациясы үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин мен Қазақстан Республикасының премьер-министрі Олжас Бектенов телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады ресейлік үкіметтің баспасөз қызметі.
Михаил Мишустин Олжас Бектеновті Қазақстан үкіметінің басшысы қызметіне тағайындалуымен құттықтады.
"Әңгімелесу барысында үкімет басшылары Ресей – Қазақстан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың үдемелі дамуының және Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы интеграциялық өзара іс-қимылды нығайтудың маңыздылығы туралы айтты", - деп жазылған хабарламада.
Михаил Мишустин мен Олжас Бектенов Ресей мен Қазақстан үшін өзара қызығушылық тудыратын барлық өзекті мәселелер бойынша бірлесіп белсенді жұмыс істеуге дайын екендерін растады.
Еске сала кетейік, 6 ақпанда Антикордың бұрынғы басшысы Олжас Бектенов Әлихан Смайыловтың орнына премьер-министр болды. Бектеновтің кандидатурасын Amanat партиясы ұсынды. Президент бұл таңдауды құптады, сөйтіп депутаттардың келісімін алу үшін Бектеновтің кандидатурасын мәжілістің қарауына енгізді. Төменгі палатаның 69 депутаты қолдап дауыс берсе, жетеуі қалыс қалды.
Олжас Бектенов  - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.02.2024
Саясат
Қазақстан үкіметін Олжас Бектенов басқарады
Жаңалықтар
0