Жаңадан 4 министр келді: Бектенов басқаратын үкіметтің жаңа құрамына кімдер енді

© Photo : Официальный сайт премьер-министра КазахстанаЗдание правительства Казахстана
Здание правительства Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.02.2024
Жазылу
Министрлердің көпшілігі өз орнын сақтап қалды
АСТАНА, 6 ақпан – Sputnik. Қазақстанда жаңа үкімет жасақталды. Министрлердің көпшілігі өз орнын сақтап қалды.
Министрлер кабинеті төрт жаңа есіммен толықты. Олар:
Нұрлан Байбазаров – премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі;
Мәди Такиев – қаржы министрі;
Ақмарал Әлназарова – денсаулық сақтау министрі;
Шыңғыс Әрінов – төтенше жағдайлар министрі.
Қалғандары өз орнын сақтап қалды:
Роман Скляр – премьер-министрдің бірінші орынбасары;
Ғалымжан Қойшыбаев – премьер-министрдің орынбасары – үкімет аппаратының басшысы;
Тамара Дүйсенова – премьер-министрдің орынбасары;
Серік Жұманғарин – премьер-министрдің орынбасары;
Мұрат Нұртілеу – премьер-министрдің орынбасары – сыртқы істер министрі
Руслан Жақсылықов – қорғаныс министрі;
Ержан Сәденов – ішкі істер министрі;
Азамат Есқараев – әділет министрі;
Алмасадам Сәтқалиев – энергетика министрі;
Айдарбек Сапаров – ауыл шаруашылығы министрі;
Бағдат Мусин – цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі;
Ғани Бейсембаев – оқу-ағарту министрі.
Ерлан Нысанбаев – экология және табиғи ресурстар министрі;
Саясат Нұрбек – ғылым және жоғары білім министрі;
Нұржан Нұржігітов – су ресурстары және ирригация министрі;
Аида Балаева – мәдениет және ақпарат министрі;
Ермек Маржықпаев – туризм және спорт министрі;
Марат Қарабаев – көлік министрі;
Светлана Жақыпова – еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі;
Қанат Шарлапаев – өнеркәсіп және құрылыс министрі;
Арман Шаққалиев – сауда және интеграция министрі.
Еске сала кетейік, 6 ақпанда Антикордың бұрынғы басшысы Олжас Бектенов Әлихан Смайыловтың орнына премьер-министр болды. Бектеновтің кандидатурасын Amanat партиясы ұсынды. Президент бұл таңдауды құптады, сөйтіп депутаттардың келісімін алу үшін Бектеновтің кандидатурасын мәжілістің қарауына енгізді. Төменгі палатаның 69 депутаты қолдап дауыс берсе, жетеуі қалыс қалды.
Жаңалықтар
0