Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Одессаға соққы жасалуы мүмкін – Кучманың бұрынғы кеңесшісі

© РИА Новости / Медиабанкке өтуСуңгуір қайық. Архивтегі фото
Суңгуір қайық. Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.02.2024
Жазылу
Алдағы бес-он күнде Қара теңізден жойқын соққы жасалады, деп есептейді сарапшы
АСТАНА, 6 ақпан – Sputnik. Ресейлік сүңгуір қайықтар осы аптада Одессақаласына зымыранмен шабуыл жасауы мүмкін, бұл пікірді Украинаның экс-президенті Леонид Кучманың бұрынғы кеңесшісі Олег Соскин YouTube-тегі каналында айтты, деп жазды РИА Новости.
"Олар Қара теңіз флотының сүңгуір қайықтарынан зымыранмен соққы береді. Одесса дайындалсын", - деді ол.
Соскиннің айтуынша, қаланың өзіне ғана емес, Украинаның барлық Қара теңіз портына соққы берілуі мүмкін.
"Алдағы бес-он күнде Қара теңізден жойқын соққы жасалады", - деп есептейді сарапшы.
Бұған дейін Украина қауіпсіздік қызметінің бұрынғы полковнигі Олег Стариков Ресей жақын арада Украина аумағындағы нысандарға соққы беруді тоқтатпайтынын мәлімдеді. Офицер Ресей армиясы қазір әскери-өнеркәсіптік кешен нысандары мен кәсіпорындарына соққы беріп жатқанын атап өтті.
Вашингтондағы Ақ үй - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.02.2024
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Байден Украинаны қоспай Израильге көмек көрсету туралы заң жобасына қарсы
Жаңалықтар
0