Астанада өнер адамдары қар күреуге шықты

© Photo : Елорда әкімдігінің ресми сайтыАстанада өнер адамдары қар күреуге шықты
Астанада өнер адамдары қар күреуге шықты   - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.02.2024
Жазылу
Қар күреуге 100-ден астам өнер адамы атсалысты
АСТАНА, 6 ақпан – Sputnik. Астанада толассыз қар жауып, коммуналдық қызметкерлер тәулік бойғы режимде жұмыс істеп жатыр. Оларға көмекке бұл жолы өнер адамдары келіп, қалың қар басқан желекжолдар мен жаяу жүргіншілер жолын тазартты, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
Ұйымдастырушылардың айтуынша бұл коммуналдық қызметкерлерге айтарлықтай көмек болды. Қар күреуге 100-ден астам өнер адамы атсалысты. Елорданың мәдениет басқармасы мұндай акцияны дәстүрлі түрде өткізіп тұрмақ.
"Білесіздер, қатты қалың қар жауып жатыр. Коммуналдық қызметкерлерге көп-көп рақмет. Барын салып тазартып жатыр. Біз де үлесімізді қосайық деп іске кірістік. Тек мәдениет саласының адамдары ғана емес, Астана қаласының жастары да жалғыз басты ата-аналарға, ерекше күтімді қажет ететін жандарға үйлерінің аулаларын тазартып, қызмет етіп жатыр", - деді актер Асылхан Төлепов.
Жаңалықтар
0