Алматы облысында тұрғындар құжаттарын айлап ала алмай жүр

© Sputnik / Айдана ДайыроваАлматы облысында тұрғындар құжаттарын айлап ала алмай жүр
Алматы облысында тұрғындар құжаттарын айлап ала алмай жүр  - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.02.2024
Жазылу
Аудандық АХАЖ бөлімшесінде небәрі екі адам ғана қызмет көрсетіп отыр
АЛМАТЫ, 6 ақпан – Sputnik. Алматы облысы Қарасай ауданының АХАЖ бөлімшесінде аудан тұрғындары құжаттарын айлап ала алмай жүр. Мәселенің мән-жайын Sputnik Қазақстан тілшісі біліп қайтты.
© Sputnik / Айдана ДайыроваАлматы облысында тұрғындар құжаттарын айлап ала алмай жүр
Алматы облысында тұрғындар құжаттарын айлап ала алмай жүр  - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.02.2024
Алматы облысында тұрғындар құжаттарын айлап ала алмай жүр
Аудандық деген аты болғанымен АХАЖ бөлімшесі аядай ғана бөлмеде орналасқан. Тіпті құжат қоятын шкафы да жоқ. Ал келетін халықтың қарасы көп. Бәрі құжаттарын жөндей алмай сабылып жүр.
© Sputnik / Айдана ДайыроваАлматы облысында тұрғындар құжаттарын айлап ала алмай жүр
Алматы облысында тұрғындар құжаттарын айлап ала алмай жүр  - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.02.2024
Алматы облысында тұрғындар құжаттарын айлап ала алмай жүр
"Мен өткен жылдың желтоқсан айынан бері жүрмін. Осымен төртінші рет келдім. Құжат дайын емес деп қайтарып жібереді. Бүгін қайта адамдардың саны аз, мүлдем аз десе де болады. Негізі адамдар өте көп келеді. Ешбір тәртіп жоқ", - дейді Айжамал есімді тұрғын.
Балаларының куәлігін ұстап алып, сан келіп, сан кетіп жүргендердің айтуынша, аудандық АХАЖ бөлімшесінде небәрі екі адам ғана қызмет көрсетіп отыр.
"Баламның жеке куәлік алуым керек еді. Сөйтсем мына мемлекет берген баланың куәлігіндегі нөмір дұрыс емес дейді. Енді соны жасату үшін ары-бері жүрміз. АХАЖ-дағы мамандар "сіз сияқты осындай мәселемен келіп жатқандар көп" дейді. Сонда заңды құжаттың өзінен қате жіберген бе, түсінбедім", - дейді аты-жөнін айтудан бас тартқан Қарасай ауданының тұрғыны.
Ал АХАЖ мамандары бұл мәселенің бары рас, тіпті басшылық та біліп отыр, дейді.
"Шетелден келіп Қазақстанға тұрақтап жатқан азаматтар балаларының куәлігін қайта қалпына келтіру үшін көптеп келіп жатыр. Балалардың жаңа жылдан бергі алатын ақшасына бола адамдар жаппай өтініш беруде. Бұл бұрын болған емес, соңғы уақытта ғана жұрттың қарасы көбейіп кетті. Халыққа екі маман ғана қызмет көрсетіп отырғанымыз рас, бүгіннен бастап басқа АХАЖ бөлімінен маман келіп көмектесіп жатыр. Бұл проблеманы тіпті басшылық та біліп отыр", - дейді Қарасай аудандық АХАЖ бөлімшесінің басшысы Айман Ысқақова.
© Sputnik / Айдана ДайыроваАлматы облысында тұрғындар құжаттарын айлап ала алмай жүр
Алматы облысында тұрғындар құжаттарын айлап ала алмай жүр  - Sputnik Қазақстан
1/4
Алматы облысында тұрғындар құжаттарын айлап ала алмай жүр
© Sputnik / Айдана ДайыроваАлматы облысында тұрғындар құжаттарын айлап ала алмай жүр
Алматы облысында тұрғындар құжаттарын айлап ала алмай жүр  - Sputnik Қазақстан
2/4

3/4

4/4

Айман Ысқақованың айтуынша, тіпті еңбек биржасынан да мамандар сұрап өтініш берген. Аядай бөлмедегі АХАЖ-да екі маман ең аз дегенде 50 адамға қызмет көрсетеді. Кей күндері құжатын көтерген 70-80 адамға көмек көрсетіледі. Бұл кабинетке кіре алмай күні бойы кезегін күткендер қаншама. АХАЖ мамандарының айтуынша, бұл мәселе жуық арада шешіледі.
Жаңалықтар
0