2023 жылы ЕАЭО-да өнеркәсіптік кәсіпорындардың бағасы қалай өзгерді

© Sputnik / Владислав Воднев Sputnik / Медиабанкке өтуЕАЭО елдерінің тулары
ЕАЭО елдерінің тулары - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.02.2024
Жазылу
Өткен жылы электр энергиясы мен жылу бағасының ең жоғары өсімі Қазақстанда тіркелді
АСТАНА, 6 ақпан – Sputnik. Еуразиялық экономикалық одақ елдері бойынша өнеркәсіп өнімдерін өндірушілер бағасының индексі 2023 жылғы желтоқсанда 2022 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 117,4%-ды құрады. Бұл туралы ЕЭК хабарлады.
Еуразиялық экономикалық комиссияның Статистика департаментінің мәліметі бойынша 2022 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда одақта тау-кен өнеркәсібі мен карьерлерді қазу саласында өндіруші бағасы айтарлықтай өскен (36,5%-ға).
Сонымен қатар комиссия өңдеуші өнеркәсіптегі өндірушілердің бағасы 13,5%-ға, "электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау, бу беру және ауа баптау" қызметі бойынша 7,6%-ға, "сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау мен бөлуді бақылау" қызметі бойынша 7%-ға өсті.
Комиссия тау-кен өнеркәсібі мен карьерлерді қазу өнеркәсібіндегі өндірушілер бағасының ең көп өсімі Ресейде (40,9%) және Беларусьте (37,1%) тіркелгенін атап өтті.
Өңдеу өнеркәсібінде осы кезеңде өндірушілер бағасының ең жоғары өсуі Қырғызстанда (15,7%-ға) және Ресейде (14,9%-ға), "электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау, бу беру және ауа баптау" қызмет түрі бойынша Қазақстанда (13,8%-ға), "сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау мен бөлуді бақылау" қызмет түрі бойынша Қырғызстанда (34,3%-ға).
Жаңалықтар
0