Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Украинаға 500 шақырымға дейін ұшатын зымырандармен бірге F-16 ұшақтары жеткізіледі

© Sputnik / Павел Лисицын / Медиабанкке өтуБоевая работа РСЗО "Град" на Запорожском направлении
Боевая работа РСЗО Град на Запорожском направлении - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.02.2024
Жазылу
Бұл Украина қорғаныс күштеріне ұрыс даласында бұдан да үлкен табыстарға жетуге мүмкіндік береді
АСТАНА, 5 ақпан – Sputnik. Украина қарулы күштерінің біріккен күштерінің қолбасшысы Сергей Наев Украинаға арналған F-16 ұшағы 500 шақырымға дейін ұшатын зымырандармен бірге жеткізілетінін мәлімдеді, деп хабарлады РИА Новости.
"Алдағы әскери көмек пакеттерінде Украина F-16 ұшақтарымен бірге 300-500 шақырымға ұшатын зымырандарды күтіп отыр. Бұл Украина қорғаныс күштеріне ұрыс даласында бұдан да үлкен табыстарға жетуге мүмкіндік береді", - деп келтіреді УНИАН агенттігі Наевтың сөзін.
Агенттік хабарлағандай, қазір нақты қандай зымырандар туралы айтылып жатқанын болжау қиын. Себебі F-16 ұшағы – кең ауқымды қару-жараққа арналған әмбебап платформа.
Ресей бұған дейін НАТО елдеріне Украинаға қару-жарақ жеткізуге байланысты нота жолдады. Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Украинаға арналған қаруы бар кез келген жүк Ресейдің заңды нысанасына айналатынын айтты.
Ресей сыртқы істер министрлігі НАТО елдері Украинаға қару-жарақ жеткізіп, "отпен ойнап жатыр" деп мәлімдеді. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Украинаға Батыстан қару-жарақ жөнелту ресей-украин келіссөзінің өтуіне кері әсер ететінін айтты. Лавров сондай-ақ АҚШ пен НАТО Украинадағы қақтығысқа "тек қару-жарақ жеткізу арқылы емес, сонымен бірге Ұлыбритания, Германия, Италия және басқа елдердің аумағында жауынгерлерді даярлау арқылы" тікелей араласып жатқанын мәлімдеді.
Жаңалықтар
0